11 жасар қыз «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды
2016 ж. 29 ақпан
2402
1
«Қазмедиа орталығының» Концерт залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара кезінде ІІМ ТЖ комитетінің өкілдері 11 жастағы Аружанды марапаттады.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасынан хабарлады.
11 ақпанда Қызылорда қаласында орын алған өрт кезінде батыл қыз Аружан өзінің екі інісі мен кіші сіңлісін аман алып қалған.
Жасына қарамастан, ол бауырларына терезе арқылы шығуға көмектесіп, ересектерді көмекке шақырды.
Батыр қыз төтенше жағдайда адам өмірін сақтап қалуда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды.
Аружанға марапатты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының орынбасары полковник А.Д. Жұманов салтанатты түрде тапсырды. Сондай-ақ, кеш барысында елдің дамуына өзіндік үлестерін қосқан әйелдерге түрлі аталымдарда сыйлықтар табыс етілді. Дерек көзі: ҚазАқпарат