Полицейдің тісін қағып алған әкім
2016 ж. 24 ақпан
2595
0
Ақмола облысы Жарқайың ауданы Отрадное ауыл округінің әкімі Марат Мұқановты қызметінен босатып, полицияға қарсыласқаны және көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырмақ.
Қаңтардың ортасында көшеде келе жатқан көлікті полиция қызметкерлері тоқтатады. Жүргізушінің «қызу» екенін аңғарған тәртіп сақшылары «асау» жігітті дәрігерлік анықтамадан өтуге апармақ болады. Ту сыртынан құшақтай алғанда, әкім мырза баспен бір соғып, полиция қызметкерінің тісін түсіреді. Жағалас басталғанда, тәртіп сақшысының қалтасын жыртады. Ақмола облыстық Мемлекеттік қызмет жөніндегі министрліктің этика жөніндегі Кеңес комиссиясы әкім М.Мұқановтың ісі мемлекеттік қызмет имиджіне көлеңке түсірді деген шешімге келіп, қызметінен кетуге ұсыныс жасады. Бірақ аудан әкімі Әскербек Үйсімбаев қызметкерін әзірше қызметтен боасата алмайтынын айтып отыр. «Мұқанов таяқтай жөнелген полиция қызметкерлерінен өзімді қорғадым. Шектен шықпадым» деп арызданып отыр. Меніңше, бұл мәселені тергеу анықтауы тиіс. Әзірше, оны босата алмаймын. Орнына кімді қоямын. Сайлау өтсін, сол кезде мүмкін…», — дейді.
Дерек көзі: halyknews.kz