Арабтарға сексуалдық қызметтер көрсетуге мәжбүр болған қыздар өтемақы талап етті
2016 ж. 22 ақпан
2060
0
Қарағандыда бойжеткендерді алдап шетелге жіберген сұлулық агенттігінің директоры сотталуда деп хабарлайды Stan.kz.
Көрсетілімдер мен фотосессияларға қатысудың орнына, сәнбикелер сексуалдық қызметтер көрсетуге мәжбүр болған. Олар межеленген жерге барған кезде, төленуі тиіс қарыздарының бар екенін білген. Мұны сол жақтағылар өтірік ойлап тапса керек-ті. Осы қарызды өтеген соң қыздарды Отанына қайтаратын болған.
Жас қыз сотталайын деп отыр. Жасы небәрі жиырма бірде. Жәбірленушілердің де жасы жиырманың айналасында. Олардың сөзіне сенсек, сотталушымен бұрыннан бері таныс болған. Ал қыздардың біреусісі құрбы болып, етене-жақын араласқан. Алғашқы отырыс толыққанды болмады. Өйткені сотқа айыпталушының қорғаушысы мен мемлекеттік айыптаушы келмеді. Осыған қарамастан, судья жәбірленушілерге өздерінің қандай құқықтары бар екенін айтып берді. Себебі агенттік директоры тергеумен қатар келісімге барды. Нақтырақ айтсақ, кінәсін мойындау туралы процесстік келісімге қол қойды. Судья қыздарға келісімнің шарттарын түсіндіріп, бірнәрсе дұрыс болмаған жағдайда оны қайта қарауға жібере алатындықтарын айтты.
“Сіздер осы уақытқа дейін процесстік келісіммен келісетіндіктеріңізді білдіргендіктен ол бекітілді. Аталған келісімде сіздердің талаптарыңыз ескерілмеген. Оны заң жүзінде қайтаратын болсаңыздар, бұл прокурордың жаңасын құрастыруына түрткі болады. Мұнымен қатар, бекітілген келісім сіздердің азаматтық сотқа жүгініп, материалдық, моральдық шығынды қайта қалпына келтірулеріңізге кедергі бола алмайды. Мен сіздерге осы құқықтарыңыз туралы айтып, дәл қазір қандай әрекет жасағандарыңызды білуге міндеттімін”, – деп судья жәбірленушілерге өздерінің құқықтарын толықтай түсіндіріп берді.
Қыздардың орнына қорғаушы сөйледі. Ол өзінің клиенттеріне барлық нюанстың толықтай айтылмағанын жеткізді. Алайда айтылғандардың бәрінен соң жәбірленушілер өздерінің талаптарын қайта қарауға кірісті. Алғашқысы 320 мың теңгесін қайта қалпына келтіруді сұрады. Бұл сома дәлелдермен келтірілді. Ал екінші қыз миллион 47 мың теңге төлеуін талап етті. “Егер айыпталушы біздің талаптарымызды қабыл алса, біз процесстік келісімді құптаймыз”, – деді қорғаушы Рашид Ефизов. Алайда прокурорсыз бұл мәселені шешу мүмкін болмады. Сондықтан отырыс 24 ақпанға қалдырылды.
Дереккөз: Stan.kz