Темірхан МЕДЕТБЕК, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Жұмабек әруақтарды арам ойына пайдаланып отыр...

Шардарадан Нұртас Оңдасы­новқа кең көше берілгенге қарсы шыққан Жұмабек Мұқанов «мен Оңдасыновқа тиіскен жоқпын», дейді екен...

Бұдан артық не істеу керек? Сонда не балағаттау керек пе екен?

Нұртас Оңдасынов Марғұлан Марайымның бабасы ғана емес, ол қазақтың ағасы мен жағасы болған біртуар тұлға. Ол Қазақстан үкіметін ең ауыр жылдарда, соғыс кезінде 13 жыл басқарды. Ел экономикасын көтерді.

Оның Хрущевқа қарсы шығып, батыс облыстарын Түркпенстанға бермей алып қалуының өзі не тұрады? Көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшенов солтүстік облыстарды сақтап қалса, Оңдасынов батыс облыстарды сақтап қалды. Ал қазір Қазақстанды батыс облыстарсыз елестетіп көрші? Оның осы ерлігінің өзі тарихи оқиға.

Атырау облысын басқарғанда қаншама жетістіктер жасады. Ол тәрбиелеп шығарған шәкірттері,  әйгілі мұнайшы Сахи Өтебаевты, мемлекет қайраткерлері Саламат Мұқашов пен Сағидолла Құбашевты айтсақ та жеткілікті.

Классик жазушымыз, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбай мектеп бітірер кезде, сол кездегі сұрқия саясатпен қой бағуға барайын деп тұрғанда «Сендерсіз де Қазақстанда қой бағатындар жетеді. Сендер жоғары білім алуларың керек», деп Алматыға оқуға жіберген. Бұл туралы Әбіш Кекілбайдың өзі жазды да...

Әруақтарды алалап, арам пиғылына пайдаланудың ақыры жақсы болмайды!

Менің Жұмабекке айтарым осы!