Алматыдағы алапат өрт

Жақында Алматыдағы Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне тиесілі жиһаз қоймасынан өрт шықты. 

Абай және Брусиловский көшелерінің қиылысында орын алған өрттің салдарынан қоймадағы жиһаздар түгелімен жанып кеткен. 220 шаршы метр аумақты шарпыған өрттің кесірінен фирманың екі жұмысшысы зардап шекті. Иістеніп қалған олардың саусақтары да күйіп қалыпты.  Оларға “жедел жәрдем” қызметкерлері дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді. Өрттің себеп-салдары алдағы уақытта анықталатын болады.