Школьник үшін кім ақымақ?

c88b5dd28f4f3f63fff7d4bc98288e4e

Әлемдік дағдарыс қазақ елін де қыспаққа алып жатыр, әйтсе де мемлекет басшысының бағытты бағдарламаларының нәтижесі болар, әл-әзір халық онша-мұнша қиналып жатқан жоқ. Дегенмен, әлем нарығындағы шикі мұнай бағасының құлдыраған үстіне құлдырай беруі қазақстандық мұнайшыларға оңай да тиіп жатқан жоқ, ашығын айту керек. Хош дейік:

Өткен аптада еліміздің энергетика министрі Владимир ШКОЛЬНИК мырза еліміздегі мұнай-газ секторы мен электр энергиясы саласындағы ахуалды қалыпты деп мәлімдеп, Елбасыға есеп берді. «Әлем бойынша мұнай бағасының тым төмендеп кетуі көптеген компаниялардың өз бюджеттерін қайта қарап, өнімдерінің өзіндік құнын төмендетуге мәжбүр ете бастады, — дейді министр, — әлемнің барлық елдеріндегі сияқты, бізде де барлық жағынан үнемдеу режимі кестеге енгізілді. Дегенмен, біз мұнай-газ секторында жұмыс істейтін ел азаматтарының қысқартуға ұшырауына жол бермейміз…»

Школьник осылай деді. Дұрыс-ақ. Дегенмен, министр мырза мұнай саласындағы ахуалдың нақты қандай деңгейде екенін онша-мұнша біле бермейтін болса керек. Рас, әлемдік дағдарыс салдарынан әл-әзір еліміздегі мұнай саласында еңбектеніп жатқандар қысқара қойған, әйтсе де Школьник мырзаның мәлімдемесінде де жаңсақтықтың бар екенін ашып айтуымыз керек. Мәселен, Маңғыстау облысындағы кейбір мұнай компанияларында жұмысшылар қысқартуға ұшырамаса да, олардың жұмыс уақыты кәдімгідей-ақ қысқартылатынға ұқсайды. Яғни, алдағы уақытта сегіз сағаттық жұмыс күнінің орнына жеті сағаттық жұмыс күні енгізілуі мүмкін. Жұмыс уақыты қысқарған соң әлбетте, жұмысшылардың қолға тиетін еңбекақысы да автоматты түрде азаяды.

ШКОЛЬНИК2

Сондай дейміз-ау, мұнай мен энергетикаға қатысты мәселелерді «жаңғақша шағамын» деп жалғанға жар салып отырған министр Школьниктің мұнысы несі, әлде мұнай саласында да қысқарту атаулының түр-түрі болатынын шынымен-ақ білмегені ме? Қайдам..?!

Марат МАДАЛИМОВ, Дерек көзі: Ұлт порталы