Бақыт Сұлтанов: Бізде тиімді инвестиция салуға жағдай жасау қажет
2016 ж. 02 ақпан
3334
0
Тоғыз жылда шамамен шет елге 20 млрд. доллар шығарылды. Бұл туралы бүгін заңдастыру науқаны мәселесіне арналған Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
«Әрине, шет елде ақша көлемі қандай деңгейде деген сұрақ туындайды. Төлем балансының деректері бойынша 2007 жылдан бастап (соңғы заңдастыру сәтінен бастап) 9 жыл ішінде «Қателер және өткізулер» бабы бойынша шамамен 20 млрд. доллар сомасы шығарылған. Бұл - жанама көрсеткіш, алайда ол статистика бойынша жалғыз мәлімет болып отыр. Атап айтқанда, шет елдердегі заңдастыратын ақша резервтері бар екеніне сенімдімін. Сонымен қатар, кірістерді заңдастыру - капиталдың автоматты түрде қайтарылады дегенді білдірмейді. Шет елде ақша белгілі бір жобаларға салынған. Сол себептен, бізде тиімді инвестиция салуға жағдай жасау қажет»,-деп тоқталды министр.
Б. Сұлтанов шеттегі үлкен қаражат ауқымды жобаларда шоғырланғанын айта келе: «Бүгінгі күні Қазақстанда инвестициялауға пайдалы бағыт - ол жекешелендіру объектілері, бірінші кезекте ТОП-65. Сол себептен жекешелендіру бойынша Жобалау офис жұмысы шеңберінде біз міндетті түрде халықаралық кеңесшілер үшін шаралар мен техникалық мақсаттар бойынша Жоспарға түзетулер енгіземіз»,-деді.
Дерек көзі: ҚазАқпарат