ҰРЫЛАРДАН «ҰЯТ» БОЛДЫ
2016 ж. 29 қаңтар
3599
0
Кеше жұмыстан шаршап, кешкі сағат тоғыздар шамасында үйге келсек, пәтерімізді біреулер көшіріп жібермек болыпты. Астан-кестен. Бірінші қабаттағы терезе торын майыстырып ішке өтіп, темір есікті сырттан ашылмайтындай етіп жүгіртпесімен жауып алған. Сейфті жуан лом темірмен соққылап, есігін майырып топшысынан суырып алыпты. Журналистің үйінде ақша көп деп ойласа керек. Өкінішке қарай ұрылардың алдында «ұятты» болып қалдық. Ішінде құжаттар мен келіншегімнің алтын алқа, сырға, сақиналары болатын. Ақша таппаса да бірақ құры кетпей сол сылдырмақтарды сыпырып кетіпті. Шүкіршілік! Ең бастысы –аман-есенбіз. Содан полиция, ТЖ қаптап кетті. Осы біздің үйдің төңірегінде тек бір күнде үш үй тонау оқиғасы тіркеліпті. Қолтаңбасы ұқсас дейді. Дағдарыс ендеген сайын үй тонау көбейе түсетін көрінеді. Сондықтан сақ болған жөн (Өзімізге айтқаным ғой).
Марат Тоқашбай, Фейсбук парақшасы