АЖЫРАСҚАН келіншектен ОТБАСЫЛЫ әйелдерге ОН КЕҢЕС

«Алқаш болса да, жынды болса да күйеуің бар. Жалғыз жатып, жалғыз оянған қандай жаман екенін білсең ғой».  “Елдің алдында «осының қолынан не келуші еді, осыны адам қылған мен» деген әңгімелерді ешқашан айтпағаның жөн. Тіпті солай болған күннің өзінде. Жалпы, мұндай әңгіме айтқан әйел елге жексұрын, ал оның күйеуі бейшараға айналады”

ajyrasqan aiel 1

Ажырасқан әйелдер ана дүние мен мына дүниені көріп келгендер сияқты. Екі өмірдің артықшылығы мен кемшілігін жақсы біледі. Оларға 30 мыңға алған юбкасын легализациялаудың қажеті жоқ. Бірақ олар сол 30 мыңды субсидияға алмайды, өзі тапқан ақшаға алады.

Олар үшін кешкі асты бір йогурт пен бананмен алмастыру проблема емес. Бірақ супермаркеттен алған бір арба дүниені жеткізу проблема. Күні бойы жұмыс, үй тірлігімен айналысып, сілесі қатқан әйелдің түнге қарай «бас ауыру синдромы» оған проблема емес. Бірақ сол проблеманың жоқ болуы кейде проблема… Керекинфо  сайты кеңірек тоқталады. Осындай «аузы күйіп, үріп ішетін» әйелден экс-әріптестеріне айтар ақылы бар. 1. Сенім арта біл. Күйеуіңе құдайдай сен. Сене алмасаң, өзіңді алдай біл. Слепаков жырлағандай «Барлық еркектер. Абсолютті. Ұдайы. Әйелдерінің көзіне шөп салады». Бірақ, тек сенің күйеуің ондай емес. Осыған сен. Соткасындағы қоңырауларға, хабарламаларына үңілме. Әлеуметтік желісіне екібастан. Иә, кешкі тоғыз-онға қарай тек сенің күйеуіңді жұмысқа шақырады. Қайтесің енді, одан басқа білікті маман жоқ. Бәрі бала-шағаның қамы. Әйтпесе жыны бар ма түн ішінде жұмысқа барып. Сене алмасаң өз обалың өзіңе. Құдайға сенбейтіндердің баратын жерін өзіңіз білесіз.
Отбасылы әйелдерге ажырасқан келіншектен он кеңес ФОТО: JETTE.RU
2. Күтін. Еркектер неге тыстағы әйелдерге көз салады? Бұрынғы өліп-өшкен сезім қайда кеткен? Неге күйеуің саған емес, әлем-жәлем боп боянған көрші әйелге сұқтана қарайды. Өйткені ол қашан көрсе де әдемі, күтінген күйде жүреді. Оны күйеуің тізесі шыққан трикомен, созылып, бояуы оңып кеткен футболкамен, май-май шашымен көрген жоқ. Әрине, жан дүниең сенікі оған қарағанда үш жарым есе бай шығар. Бірақ жан сұлулығына еркек атаулы қалпағын ғана шешеді.
Отбасылы әйелдерге ажырасқан келіншектен он кеңес ФОТО: SPROSIDERMATOLOGA.RU
3. Қызықты бол. Ал, күйеуің кешке достарымен футболға бармады, Түнге қарай шақырған әріптестеріне де бармады. О мадонна, интернет те жоқ. Теледидарға да, соткасына да телмірмеді. Сөйтіп күйеуіңмен коммуникация мүмкіндігі туындады. Не айтасың? Ата-аналар жиналысынан хабарландыру, көрші-қолаң, туған-туыстың соңғы өсектері, жұмыстағы қатын-қалаштың сатып алған дүние-мүлкі, әлеуметтік желідегі күйеуің онсыз да көріп отырған әңгімелері,… ыы… одан басқа не айтасың? Қызықты әңгіме айту үшін, өзің бір нәрсеге қызық. Иога, бисер тоқу, тағысын тағылар. Тым болмаса, кино туралы әңгіме құрыңыз. Дорамдар емес, әлбетте.
Отбасылы әйелдерге ажырасқан келіншектен он кеңес ФОТО: ROMARIORUS.LIVEJOURNAL.COM
4. Өзгертуге тырыспа. Бүкірді тек табыт түзетеді. Шурупты нығыздау үшін бұраған сайын түбі кеңи түседі. Еркекті қажаған сайын еті өле береді. Ары қарай өзің де жалғастыра аласың. Негізді моральді түсінген боларсың — Ызыңдаудың мағынасы да қажеті де жоқ. Білесің бе, үнемей қойғанның салмағы ұрыс-керістен әлдеқайда басымырақ.
Отбасылы әйелдерге ажырасқан келіншектен он кеңес ФОТО: MIRSCHASTIYA.RU
5. Өзгенің емес, өз артықшылығыңды көре біл. Бір құрбым бар еді. Әлі да бар, құдай өмірін көп көрмесін. Күйеуі нақұрыстың нақ өзі. Әйелін талай рет сабап, өлімші ете жаздаған. Тіпті бірнеше жыл бұрын сабап, көгерткен іздері әлі бар. Ол да ажырасып, бостандық дәмін тата жаздаған. Бірақ екі баласының артынан үшіншісі келіп, ана-енесі жылап жүріп, күйеуіне қайта оралды. Күйеуі сабауын қоған жоқ. Бірде қонаққа барғанда сұрады ажырасқан қалай екен деп. Көзіндегі мұңды көріп зарлай жөнелдім. «Алқаш болса да, жынды болса да күйеуің бар. Жалғыз жатып, жалғыз оянған қандай жаман екенін білсең ғой» деген сыңайлы. Әлгі құрбым кәдімгідей бақытты сезіне бастады. Шүкір, басымыз аман, бауырымыз бүтін деп қояды. Айтайын дегенім, тырнаға шалшық болып көрінген су, бақаға теңіздей көрінер. Бастысы өз бақытыңды көре білу.
Отбасылы әйелдерге ажырасқан келіншектен он кеңес ФОТО: ZDOROVAYAMAMA.COM
6. Құрметте. Саған жаман шалың болса да, басқаларға мырза болуы мүмкін. Елдің алдында «осының қолынан не келуші еді, осыны адам қылған мен» деген әңгімелерді ешқашан айтпағаның жөн. Тіпті солай болған күннің өзінде. Жалпы, мұндай әңгіме айтқан әйел елге жексұрын, ал оның күйеуі бейшараға айналады. Негізі үйленгенге дейінгі «сіз-біз» қатынасын мейілінше ұзаққа созуға тырыс.
Отбасылы әйелдерге ажырасқан келіншектен он кеңес ФОТО: OLYALYAPOLTORAMETRAROSTA.BLOGSPOT.COM
7. Мықты және әлсіз болатын жерді шатастырма. Шаруаға мықты бол. Бірақ балтамен ағаш жарып, электр құралдарын жөндеу мүлдем басқа стихия. Тіпті электр шамы жанып кетсе де, ол сенің араласатын шаруаң емес. Сенің шабуыл алаңың — ас үй. Қаруың — дәмді тағам, тап-тұйнақтай үй, сүйкімді балалар, сырбаз күйеу. Ерлердің ісіне араласқан сайын, нәзіктіктен айырыла бересің. Ал еркектер күшті әйелдердің жанында жылдам босаңсып, кержалқауға айналады. Негізі қазір есі дұрыс нағыз еркектер аз дейді. Оған кінәлі өзіміз.
Отбасылы әйелдерге ажырасқан келіншектен он кеңес ФОТО: YAOSTROV.RU
8. Романтик бол. Қияли бол. Ерке бол. Назды бол. Еркектерге сұлу әйелден гөрі назды әйел ұнамдырақ мыс. Бұрынғы керемет сәттер есіңде ме? Соларды жаңғырт. Күйеуіңнің де есіне сал. Тек әдемілеп. Бұл тұрмыс жеңген сананы аз болса да тірілтеді. Айтпақшы, егер перделер ескіріп, ақша тек әдемі дастарқанға жетсе, ойланбай бірден әдемі ішкиім ал. Айттым ғой романтик қияли бол деп.
Отбасылы әйелдерге ажырасқан келіншектен он кеңес ФОТО: 5SFER.COM
9. Консерватор болма. Түсінемін. Күні бойы жұмыстағылар жүйкеңізге тиді. Жүгіріп жүріп балаларды сабағынан алып, үйірмесіне апарасыз. Үйге келіп тамақ жасайсыз. Сабағын бір мезетте оқытып, киімдерін реттейсің. Оларды тамаққа шақырып, отырғызудың өзіне қанша күш кетеді. Сериал көретін әйелдер деп қай ақымақ айтты екен. Тезірек ыдыстарды жуып, асүйді жинап, жата қалсам соның өзі бақыт. Таңертең ерте тұрып ит тірлікке қайта кірісу керек. Ал жұбайлар қызығы ше? Отызға қарай ерің қызықтырмай, ләззат міндетке айнала бастаса, бұған ең алдымен кінәлі өзің. Қызығы басылса, ыстығы қайта бастаса, амалдар ізде, жаңалық енгіз. «Жаман қыз» болудың еш айыбы жоқ. Айыбы болса, «жазасын» алудан да қашпа . Тек консерватор бола көрме.
Отбасылы әйелдерге ажырасқан келіншектен он кеңес ФОТО: SERIALU.TV
10. Бөтен әйелдің ақылына құлақ түрме. Тіпті менің де. Әр әйелдің өз басы, миы, жүрегі болуы тиіс. Отбасы ең басты құндылық. Сақтауға тырыс. Бар күшіңмен.
Отбасылы әйелдерге ажырасқан келіншектен он кеңес ФОТО: FOTOSTRANA.RU
Дереккөз: Nur.kz