Астанада Шоқыну мерекесінде шомылуға келген қазақтардың саны өзге ұлттардан басым түсті (ФОТО)

18 қаңтар күні әлем провославтары Шоқыну мейрамын атап өтеді. Түнгі сағат 12:00-ден бастап келесі күнгі түн ортасына дейін шомылу мерекесін астаналықтар да ерекше ықыласпен қарсы алды деп хабарлайды NUR.KZ.

_DSC2360

Фото NUR.KZ

Наным бойынша, Шоқыну күні барлық су қоймаларындағы сулар қасиетті саналады. Өйткені, бұл Иса Пайғамбар Иордан өзенінде шомылған күн. Мұзды суда шомылу барлық күнәлардан тазартып, сырқаттардан айықтырады деп есептеледі.

Шоқыну күні қатты аязға қарамастан Есілде шомылған адамдардың санында шек болған жоқ. Кейбіреулері қасиетті суды алуға келсе, енді біреулері мұздай суға түсуден бас тартқан жоқ.

Аталған рәсімді өткізу үшін палаткалар тігілген қалашық пайда болды. Мұз суатына баратын ағаш сатылар дайындалып, киім ауыстыратын палаткаларға апаратын жолдар да ағаштан жасалды. Бұл күні құтқарушылар мен жедел жәрдем өкілдері де қарауылда болды.

IMG_8972

IMG_9118

IMG_9034

Шоқыну күні шомылуға келгендердің бірі киімін кию үшін жүгіре жөнелсе, енді бірі шешінген күйінде аязда жүріп алды.

_DSC2486

_DSC2401

_DSC2399

Шоқыну мерекесінде шомылуға келгендердің діни сенімдері де әртүрлі болды. Алайда, бұл күні христиандардың да, мұсылмандардың шомылатыны астаналықтар үшін таңсық емес.

Есілде шомылып жүрген қазақтардың саны тіпті орыс, украин және өзге де славян тектес ұлт өкілдерінің санынан әлдеқайда асып түсті.

“Сіз неліктен шомылуға келдіңіз” деген сұраққа әркім әртүрлі жауап қатты. Бірі “Біздің құдайымыз бір, мен дінге бөлмеймін” десе, енді бірі “Менің орыс достарым көп, сондықтан, оларды қолдауға келдім” деп жауап берді.

“Бұл денсаулыққа пайдалы, сол үшін шомылғым келді”, “Мен бірінші рет келдім. Менің мұсылман болғанымда тұрған не бар? Бұл денсаулыққа пайдалы” деп жауап қайтарғандар да бар.

_DSC2361

_DSC2366

_DSC2386

_DSC2383

IMG_8987

IMG_8977

IMG_8944

IMG_8940

IMG_8951

IMG_8962

IMG_8961

IMG_9001

IMG_9003

IMG_9100