2016 жылы көлік жүргізушілерін қандай өзгерістер күтіп тұр?
2016 ж. 11 қаңтар
3291
0
2016 жылы мәжілісмендермен мақұлданып, президенттің қол қоюын күтіп тұрған Жол жүру ережесіне қатысты бірталай өзгертулер бар. NUR.KZ порталы Отырар арнасына сілтеме жасап күшіне енуі мүмкін маңызды өзгертулерді назарларыңызға ұсынады.
Жаңа жылдан бастап автожолаушылар көліктен полицейдің рұқсатынсыз шыға алатын болады.
Сонымен, біріншісі – жаңа жылдан бастап автожолаушылар көліктен полицейдің рұқсатынсыз шыға алатын болады. Заңға бұл өзгерту мәжілістің алғашқы оқылымында мақұлданды.
Қазақстандық сақтандыру компанияларының құқығын кеңейту.
Екіншісі – қазақстандық сақтандыру компанияларына жол апаты болған жағдайда жол қызметіне талаптарды қою құқығын беруі мүмкін.
Кей айыппұлдар қатая түседі деп күтілуде
Үшіншісі – кей айыппұлдар қатая түседі деп күтілуде. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мас күйде көлік басқарса, жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Өзгертілмеген заңға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға тек айыппұл салу қарастырылған.
Оперативті қызмет көліктеріне жол бермегендер көбірек айыппұл төлейтін болады
Төртіншісі – егер жүргізуші дабылдатып келе жатқан жедел немесе арнайы қызмет көлігіне жол бермеген болса, бұрынғыдай 7 емес, 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады. Егер дабылмен келе жатқан арнайы белгілері бар көлікті өткізбесе 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейді (бүгінде 10 АЕК). Жыл ішінде ержені қайта бұзатын болса, айыппұл 15 АЕК-ден 50 АЕК-ге дейін өсетін болады.
Алкогольге немесе есірткіге медициналық куәландырудан бас тартқандардың жазасы қатайтылады
Бесіншісі – алкогольге немесе есірткіге медициналық куәландырудан бас тартқандардың жазасы қатайтылады. Мәжілісмендер мұндай жағдайда жүргізушіні 2 жылға емес, 3 жылға көлік айдау құқығынан айыруды ұсынуда.
Тұрақ ережесін бұзуға қарастырылған айыппұл азайтылады
Алтыншысы – тұрақ ережесін бұзуға қарастырылған айыппұл азайтылады. Мәжілісмендер тұрақ ережесін бұзғандарға 10 АЕК емес 3 АЕК көліменде айыппұл салған жеткілікті деп санайды. Ал мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойғандар 50 АЕК орнына 5 АЕК төлеу мәселесі қарастырылуда.
«Әдемі» мемлекеттік нөмірлер тізімі кеңейтілмек
Жетіншіден – «әдемі» мемлекеттік нөмірлер тізімін кеңейтпек. Енді ООО, ZZZ сияқты нөмірлер және 717, 838 сияқты айналы нөмірлер сатылатын болады. Айналы нөмір құны 150 мың теңге, ал әдемі әріптермен болса, 300 мың теңге болады деп күтілуде.
Көлікті үш өлшемді аэрографиямен безендіруге тыйым салу
Сегізіншісі – көлікті үш өлшемді аэрографиямен безендіруге тыйым салу. Бұл өзгеріс қоғамда бірталай келіспеушіліктер тудырды. Себебі, «үш өлшемді аэрографияның» не екені нақты түсіндірілмеген.
Екі өлшемді сурет салған жағдайда қанша қабатқа дейін сурет салуға болатыны да көрсетілмеген. Ақыры полицейлер кез-келген аэрографиялық суретке тыйым салуға бел буды. Алайда аэрография ұғымына не жататыны сол беті нақтыланбаған.
Бірнеше рет жол апатына түскендерге сақтандыру құны қымбаттатылуы мүмкін.
Тоғызыншысы – бірнеше рет жол апатына түскендерге сақтандыру құны қымбаттатылуы мүмкін. Бұл ұсынысты Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы жасаған.
Кішігірім жол апатына құжаттарды жол полициясы инспекторларынсыз рәсімдеу мүмкіндігі
Оныншысы – кішігірім жол апатына құжаттарды жол полициясы инспекторларынсыз рәсімдеу мүмкіндігі. Еуропротокол деп аталатын бұл әдісте жүргізушілер оқыс жағдайды өздері куәландырып, жолда кедергі болудан тезірек құтылуға мүмкіндік алады. Рәсімделген құжатпен зардап шегуші тарап сақтандырушыдан төлем талап ете алады деп күтілуде.
Велосипедшілерге қатысты өзгерістер
Он біріншісі – велосипедшілерге қатысты өзгерістер. Нақтырақ айтқанда, электроқозғалтқыштары бар велосипедтерді заңдастыру. Велосипедшілердің құқығын кеңейтетін бірталай өзгерістер енгізілетін болады.
Қазақстан ІІД болса, бағдаршамның тіке жүруге тыйым салатын сәтінде оңға бұрылуға рұқсат беру мәселесін қарастыруда.
Ескі көліктерді әкелуге қатысты өзгерістер
Он екіншісі – 1 жылдан 3 жылға жылға дейінгі мерзімдегі шетел көліктерін әкелу үшін 50 АЕК, яғни 99 мың теңге мөлшерінде төлем жасауы тиіс болады. Ал көлік мерзімі 3 жылдан асқан болса, салық мөлшері 500 АЕК, яғни 991 мың теңге болмақ.
Бүгінде Қазақстанда 4 млн 400 мың көлік тіркелген, олардың жартысына 18 жыл толған.
Медициналық қарсы көрсетімдер
Ең соңында бекітілген нормаға тоқталсақ. Қазақстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі 2015 жылғы 4 қарашадағы №853 бұйрығымен көлік басқаруға тыйым салатын медициналық қарсы көрсетімдер тізімін бекітті.
qazaquni.kz