"ОҢАЙ" ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗАҚШАЛАНУЫНА "ҚАЗАҚ ҮНІ" ГАЗЕТІ ДЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ
2015 ж. 29 желтоқсан
4681
1
"Қазақ үні" газетінің ағымдағы жылдың №44 (698), 3 қараша күнгі санында жарық көрген "Қоғамдық көлік қызметі халық көңілінен қашан шығады?" атты мақалада Алматы қаласындағы қоғамдық көліктерге орнатылған "Оңай" атты электронды төлем жүйесінде мемлекеттік тіліміз - қазақ тілінде емес, орыс тілінде жазылғандығын сынға алған болатынбыз.
"Қазақ үні" газетінің сынынан және бірқатар журналистер осы түйтіклді мәселе етіп көтергеннен кейін "Оңай" атты электронды төлем жүйесінде әуелі ана тіліміз - қазақ тілінде, кейін барып орыс тілінде жазылды. Мұның өзі орынды сыннан тиісті нәтиже шығара білген осы мәселеге тікелей жауапты Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Дәурен Әлімбековтың іскерлігімен тікелей байланысты екендігін айта кеткеніміз жөн.
qazaquni.kz