Бердібек Сапарбаев: Баламның қымбат көлік мінуіне жол бермеймін
2015 ж. 26 желтоқсан
4405
1
қымбат көлікпен суретке түскенін әлеуметтік желіге салып, мақтанған еді. Әкім ұлының бұл фотосы желіде қызу талқыға түскен соң Сапарбаевтың жалғыз ұлы Ferrari мінген суретіне қатысты NUR.KZ-ке эксклюзивті сұхбат берді. Кейін Бердібек Сапарбаевтың кенжесі қалай “Жәкеге” айналғаны да белгілі болды.
“Менде кітап оқуға қазірше уақыт жоқ. Миымды тыныштандыруға кейде ресейлік кинолар жақсы көмектеседі. Əуендер де тыңдаймын. Жұмысқа бара жатқан кезде жəне қайтар кезде жақсы əуендер тыңдаймын. Салауаттылықты серік ететін əдетім бар. Футбол ойнаймын. Бір ұл, бір қызым бар. Туыстарым Қызылорда мен ОҚО-да тұрады”, – деді Бердібек Сапарбаев.
Облыс əкімі көмекшілерімен бірген футбол ойнайтынын жасырған жоқ. Үлкен қызметтен келген басшы Ақтөбе қаласының көңілсіз тұстары бар екенін жасырған жоқ.
“Ақтөбе қаласы күңгірт көрінеді. Осы олқылықтарды дұрыстауға күш саламыз. Үлкен адамдар отбасымен демалатын қолжетімді жер жоқ. Соны көбейту керек”, – деді əкім.
Сонымен қатар, облыс əкімі жергілікті журналистермен мереке алдындағы кездесуде баласының қымбат көлікпен түскен суреті туралы да түсіндірді.
“Қазіргі балалардың қызығушылығы бөлек. Менің балам да шетелге барғанда қымбат көлікпен түскен. Оны БАҚ үлкен қылып жазды. Біреулер ол суреттен астар іздеді. Бірақ, мен баламның қымбат көлік мінуіне жол бермеймін”, – деді Бердібек Сапарбаев.
Еске сала кетсек, Бердібек Сапарбаевтың кенжесі