Ғалымдар: Жақсылық жасау адам өмірін ұзартады

Британ университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулерінің нәтижесін сараптай келе таңғажайып шешімге тоқталды. Жомарттық танытып, жұртқа жақсылық жасаған жанның ғұмыры ұзақ болатын көрінеді деп жазады muslim.kz.

рука mamamv7.ru

Фото: mamamv7.ru

Сондай-ақ, бұл әрекеттер олардың рак және жүрек ауруларынан сауығуына да септігін тигізеді дейді.

«Біреуге жақсылық жасай отырып, сіз өзіңіздің денсаулығыңыз үшін орасан пайда келтіресіз», – дейді Кливленд қаласындағы емхана дәрігері Майкл Макки.

Бұл тұжырымды Калифорния және мичиган университеттерінің зерттеушілері де растап отыр. Олардың зерттеу жұмыстарына қатысқан егде адамдардың ішінде еріктілер ұйымына мүше жандардың әлдеқайда ұзақ өмір сүретіні байқалған.

Ал, Шығыс Вирджини медицина мектебінің психатрия бөлімшесінің жетекшісі Стивен Дойч өзінің күйзеліспен ауыратын емделушілеріне қайырымдылық жасауды бұйыратынын айтады.