Әйел өзін тастап кеткен көңілдесінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді...

 Өртенген адам

Семейде 37 жастағы келіншек өз көңілдесінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді. Бұл туралы NUR.KZ порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

tn Әйел біраз уақыт бойы отбасылы ер кісімен кездесіп жүрген. Алайда көп ұзамай қарым-қатынастарын үзбек болған ер кісі, ақыры оның қолынан зардап шегеді. Жұп сән салонында танысқан. Айгүл (есімі өзгертілген) салонда шаштараз болып жұмыс істеген. Ол кездесіп жүріп, тастап кеткен отбасылы Рақым Нұрболдыны аңдып, кері қайтарғысы келген. Қайта-қайта телефон соға бергеннен кейін ер кісі әйелді көлігімен айтқан жеріне жеткізіп салуға келісім береді. Көлікте Айгүл көңілдесіне массаж жасай бастайды. Сол арада медициналық қолғап киіп, ертеде дайындап әкелген бензин бөтелкесін шығарады. Сөйтіп, жігіттің арқасына бензинді шашып жіберіп, өртеген. Не болғанын түсінбей қалған азамат дереу жанып жатқан киімін шешіп үлгереді. Дегенмен денесі қатты күйіп қалады. Өрт көлік салонына өтіп, Айгүлдің денесі де күйген. Рақым келіншекті жібермей ұстап, өзгелерден көмек сұрайды. Куәгерлер оларды бірден емханаға жеткізген. Екі апта өткеннен кейін ер адам ауруханада көз жұмды. Зардап шегуші қаза болғанға дейін оқиғаны полицияға түгелдей айтып үлгерген. Ал әйел өз кезегінде оқиғаның оқыстан болғанын айтып, ақталғысы келген. ШҚО ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының төрешісі қылмыскерді 16,5 жылға жалпы колонияда бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енбеді.
 Дереккөз: NUR.KZ