Қырымбек Көшербаев: Кейде өзімізді халықтың қожайыны сезініп кететініміз бар
2015 ж. 08 желтоқсан
4055
1
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аумақтық ведомстволардың басшыларын сын тезіне алды. Мұндай бейнематериалды оның баспасөз хатшысы Бекзат Жүсіп Youtube-де жария еткен болатын.
«Олар заңды білмеуі, бірдеңені түсінбеуі мүмкін. Түсінбеген нәрсесін түсіндірейік, қарайтын мәселесін қарайық. шешілетін мәселесін шешіп берейік, шешілмейтін мәселесін түсіндірейік. Созып алмай нақты жауабын берейік. Болатын нәрсені болады, болмайтын нәрсені болмайды дейік. Өтірік айтпайық. Сергелдеңге салмау керек», – деді облыс басшысы. Көшербаев өз сөзінде аумақтық органдардың өздерін иесіз сезінетіндігін атап өтті. «Біздің министріміз Астанада, неліктен біздерді әкімдік жазалайды, дейді. Мен Президенттің өкілі ретінде барлығыңа да міндеттеймін. Біз сіздердің жұмыстарыңызды бағалайтын боламыз және сіздерге баға береміз. Қажет болса сәйкесінше министрге кадрлық шешім қабылдауды ұсынамыз. Осыны есте сақтаңыздар. аумақтық орган облыстың аумағында болғандықтан Президенттің өкілетті өкілі бар. Мен өз құқығымды толығымен пайдаланамын», – деді Көшербаев. Көшербаев «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі аумақтық ведомство басшылығына саяси сенімсіздік танытса министр оны сол лауазымда қалдырмайтындығына сенімді екендігін баса айтты. «Сіздер бұл жайында кейде ойланасыздар ма, жоқ па?» – деді өңір басшысы. «Құрметті мемлекеттік қызметшілер, біздердің халық қызметшісі екендігімізді қаперлеріңізге тағы бір салғым келеді. Ал кейде біз өзімізді халықтың қожайыны сезініп кететініміз бар. Бізді жалдап отыр. Осыны естен шығармаңдар», – деп түйіндеді сөзін Көшербаев.Дереккөз: ИА "Казинформ"