ҚЫРУАР ҚАРЖЫ ТАҒЫ ДА ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСТІ
2015 ж. 07 желтоқсан
2818
1
Елімізде қыруар қаржы тағы да мақсатына жұмсалмай қолды болды. Есеп комитеті көлік саласына бөлінген 540 миллиард теңгенің 200 миллиардқа жуығын шенеуніктердің талан-таражға салғанын анықтады. Қолда бар ақшаны ұқсата алмаған атқамінерлер қазір тергеушілерге жауап беруде.
Қулығына құрық бойламайтын шенеуніктер аймақтағы тас жолдың құнын әртүрлі белгілеген. Мәселен, Павлодарда бір шақырым жол 393 миллион болса, Астана-Алматы тас жолы 1 миллиард 100 миллионға салынған. Мұндай айырмашалық тексерушілердің таңданысын туғызып отыр. Лауазымды 3 шенді жауапқа тартылып, тағы бірнеше іс тергеліп жатыр. Соған қарағанда бюджет миллиардттарының игерілмеуінің тағы шулы қылмыстық істерге түрткі болары анық. Ал Астанадағы әуежай мен темір жол арасында қатынайтын жүрдек автобустарға арналған жол мүлдем салынбайтын болды. Үкімет бұл жобадан бас тартыпты. Елорда әкімдігі құрылысқа бөлінген 9 жарым миллиард теңгені мердігер компаниядан желтоқсанның соңына дейін қайтарып алмақ. Сондай-ақ, жарнамасы жер жарған халықаралық«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» дәлізі де тағы уақытылы аяқталмай қалуы мүмкін.
Зейнолла АБАЖАНОВ
"Қазақ үні" газеті