Адам саудасына жол жоқ!
2015 ж. 02 желтоқсан
3298
0
Жуырда Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті және әскери-патриоттық клубтарының «Қайсар» Маңғыстау аймақтық одағы» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Адам саудасын бірге тоқтатамыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуға құқық қорғау қызметкерлері, өңірлік Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап еліміздің саяси бағыты айқындалып, әрбір сала ерекше қарқынмен дамыды. Егеменді елдің сот жүйесінде де оң өзгерістер орын алып, сол кезеңде тәуелсіз сот жүйесін құру басты бағдарламаға айналды. Шын мәнінде, Кеңес заманы кезеңінде партияның ықпалында болған сотты бірден биліктің жеке тармағы ретінде орнықтыру оңай болған жоқ. Бұл бағытта көптеген шаралар Елбасымыздың тапсырмасымен қолға алынып, игілікті істер атқарылды.
Алдымен «Қайсар» әскери-патриоттық қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Мұхаммеджанов сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі көкейтесті мәселені талқыға салды. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге мәмілелер жасасу, оны қанау не азғырып көндіру, тасымалдау, жасыру, қылмыстық әрекетке мәжбүрлеуге қарсы күресті нығайту жөніндегі жұмыстар жайын баяндады. «Мейірім» ҚҚ төрағасы Александр Муха адамның жеке бас бостандығы мен қадір-қасиетіне қол сұғу, күш қолдану, қатер төндіру арқылы еріксіз еңбекті, кез келген қызметті пайдалану, табысын тартып алу сынды адамды қанау фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істер статистикасына тоқталды. Құлдыққа түсу тәуекелі жоғары қоғам саласы, көңіл көтеру орындары, шаруа қожалықтары, жеке құрылыс, ағзалар донорлығы мен тіндер трансплантациясы және бала асырап алу саласы туралы толық ақпаратпен бөлісті. Көп жағдайда қылмыскерлер құлдық құрбандарын қомақты қаражат көзі, жоғары жалақы және лайықты қызмет орнымен қызықтырып, құрыққа түсіреді. Әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған, тұрмыстық деңгейі төмен отбасы мүшелері, күнкөріс көзін күйттеген саяси-экономикалық ахуалы сын көтермес көрші елдерден келушілер алдымен нысанаға ілігеді. Айлакер алаяқтар БАҚ-дағы жалған жарнама, ғаламтор желісі, неке агенттіктері, танысу бұрышы арқылы байланыс орнатып, арбауына түсіреді. Басқосуда Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соттың төрағасы А.Ізбасаров адам саудасының алдын алу және қарсы күрес саласында халықаралық серіктестікті дамыту, заңнаманы жетілдіру, құқық қорғау органдарында арнайы бөлімшелер құру және ҮЕҰ-дармен бірлесе қоғамда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу маңыздылығына тоқталды. Әлемде адам саудасы бойынша Беларусь, Молдова, Ресей және Украина елдері алдыңғы қатарда келеді. Олардың соңынан Армения, Грузия, Қазақстан мен Өзбекстан орын тепкен. Әдетте адам саудасы арзан еңбек күшіне зәру заңды кәсіпкерлікпен тура және жанама байланыста жүзеге асады. Қылмыскерлер ауылшаруашылығы өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, мақта- мата, темекі өнімдері өндірісі сынды кең әрі ауқымды кәсіпкерлік кеңістігін мол табыс көзі ретінде пайдаланады.
2003 жылы ҚР Әділет министрлігінің жанынан ведомствоаралық комиссия құрылып, оның құрамына адам саудасы құрбандарының құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен айналысатын ықпалды халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар кірді. Алматы және Көкшетау қалаларында адам саудасы құрбандарына арналған екі арнайы жетімхана, мемлекеттің қаржыландыруымен 2009 жылы Астанада адам саудасы құрбандарына арналған оңалту орталығы ашылды. 2005 жылы Ішкі істер министрінің бекітуімен Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының негізінде заңсыз миграция және адам саудасымен күрес бойынша мамандар даярлайтын оқу орталығы құрылды. ҚР Қылмыстық Кодексінде адам саудасымен байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Мәселен 116- бап «Адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою» - 12 жылға дейін, 128-бап «Адам саудасы» – 3 жылдан 15 жылға дейін, 134-бап «Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту» – 3-жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қатысты.
Голрох ЖЕМЕНЕЙ,
qazaquni.kz