Ғарышқа 6 миллиард теңгеге ұшып қайтқан Айымбетовтің шығыны биылғы бюджеттен төленеді
2015 ж. 29 қараша
2895
6
Қазақтың 3-ші ғарышкері Айымбетовтің космосқа ұшқанына кеткен шығын биылғы бюджеттен төленетін болды.
Қазынадан жұмсалатын соманың көлемі де аз емес. 6 миллиард 140 миллион теңге деп хабарлайды КТК арнасы.
Осы 6 миллиард теңгені Ресей тарапы биылдан қалмай алғысы келгендей. Мәскеуде осы қыруар қаржыны аударылуы туралы келісімдерге «Қазғарыш» пен «Роскосмос» өкілдері қол қойды.
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Байқоңырдан космосқа қыркүйектің 2-күні ұшып, 10 күннен кейін қайта оралған. Ашық космосқа шықпаса да, бірқатар ғылыми зерттеулер жасады.
Кейін елбасы Айдын Айымбетовке көрсеткен ерлігі үшін «Халық Қаһарманы» атағын берген болатын.