Мүмкіндігі шектеулі жандар демеушілерге алғыс айтты

1992 жылдан бастап, Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт федерациясы ашылған болатын. Аталған федерацияны сол уақыттан бері басқарып, 2005 жылдан бастап, облыстық мүгедектер спорт клубының басшысы болып тағайындалған Нұралы Құлышев спортшыларға мүмкіндік беріп, әр жеңісіне қолдау көрсеткен демеушілерге алғысын білдірді, деп жазады Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жиырма төрт жылдың ішінде жеткен жетістіктерімен, алған асулары өте көп. Осы жылдың өзінде-ақ, мүгедектер спорт клубында көз жанарымен, есту қабілетінен айырылған жандар 3-облыстық жарысқа, тірек-қозғалыс жүйелері зақымдалған спортшылар 2-республикалық сайысқа, 9 ҚР чемпионатына және 8 халықаралық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған. - Биылғы жылы Польша, Голандия және Тайланд қалаларында өткен жағажай волейболынан жүлделі 2-3-ші орындарды иелендік, одан бөлек қыркүйек айында Сочи қаласында суда жүзуден лицензиялық әлем жарысы өтіп, Қазақстан құрамасына ақтаулық Асқар Қуаныш 2- күміс медальді және келесі жылы өтетін олимпиядаға жолдаманы ұтып алды,- деген Н.Құлышев спортшыларға көп жылдар бойы бассейінде тегін дайындалуға мүмкіндік беріп келе жатырған «Дельфин» спорт кешенінің басшысына ізгі тілегін білдіріп өтіп, ағымдағы жылдың тамыз айында Ақтауда ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай жағажай волейболынан Халықаралық сайыс ұйымдастырылып жоғарғы деңгейде өтуіне қаржылай көмектескен «КАСПИАН ОФФШОР КОНСТРАКШАН» ЖШС-нің басшысы С.Мун, «Гранд Виктория» қонақ үйінің директоры В.Кох және мүмкіндігі шектеулі спортшы, әрі, жеке кәсіпкер С.Теміркасовқа алғысын айтты. -Қазіргі таңда клубта 160-тан астам спортшы 11 спорт түрінен жаттығуда, - деген клуб басшысы 1-ші желтоқсан тұңғыш Президент күніне орай үстел теннисімен зіл темір көтеруден(пауэрлифтинг) қалалық жарыс өткізуді және алдағы уақытта «Танцы на калясках», «ГолБол», «үлкен теннис» атты олимпиядалық ойын түрлерін дамыту жоспарда бар екенін атап өтті.

qazaquni.kz