Атышулы Сара Нұрқатова қызметінен кету туралы арыз жазды

20 қараша

Ақтөбе облысы əкімінің атақты орынбасарын  бүгін мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы масқаралады.

нуркатова

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Əкімдікті заңды түрде отбасылық бизнесі еткен орынбасар қылығы этикаға сай емес. Баласын білдей білім басқармасына орынбасар етіп,  конкурсқа ешкім қатысуға тілек білдірмеді деген күлкілі əңгіме.

Бұл туралы бүгін облыстық мəслихатта айтылды.

“Облыстағы əкімнен кейінгі жоғары лауазымда отырған қызметкер ойлану керек еді. Орынбасарлық қызметте 7 жыл отырды. Балаларының өзі басқаратын салада лауазымды қызметте жүргенін ескеру керек еді. Баласы басқармаға орынбасар болып барғанда ешқандай үміткердің табылмауы да түсінікті. Нұрқатованың қызметін білетін білім саласы қызметкерлерінің конкурсқа түсем деген қалауы да болмай қалады.  Қаншама рет БАҚ арқылы айтылды.    Нұрқатова мен оның балалары бүгінгі күнге дейін өз қызметтерінде отыр”, – дейді мемлекеттік қызмет істер жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс- қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайрат Сүнтаев.

Агенттік басшысының бұл сөзіне мəслихат депутаттары “Оның балаларының лайықты жерде жұмыс жасағанына Нұрқатова кінəлі емес” деп араша болды. Билік өкіліне араша болған халық қалаулысына Агенттік басшысы лайықты жауабын берді.

“Кез кезген жан-жақты ойлау қабілетіне ие адам  менің не айтып тұрғанымды түсінеді”,-деді Сүнтаев.

Осы уақытта бізге белгілі болғандай, облыс əкімінің орынбасары Сара Нұрқатова 18 қарашада жұмыстан кету туралы арыз жазған.