1 миллион теңгеге Аяз Ата алдырған...
2015 ж. 05 қараша
5265
0
Екібастұз қаласының әкімдігі Жаңа жыл қарсаңында 1 млн теңгеден астам қаржыға Аяз Ата, Ақша қар және маймылдың үрлемелі қуыршақтарын сатып алмақ, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ертегі кейіпкерлерін дайындау және орнатуға қалалық бюджеттен 1 099 500 млн теңге жұмсалмақ.
Айта кетерлігі, Павлодар қаласында Жаңа жылды тойлау шығындары 20 млн теңгеге қысқыртылды. Бұл шешім кеше қалалық мәслихаттың сессиясында қабылданды.
Өткен жылы мерекелік шығындар 60 млн теңгені құраса, биылғы жылғы қаржы көлемі – 40 млн теңге. Жалпы, Павлодар қаласының бюджеті 199 млн теңгені үнемдеді. Осы қаржының 84,8 млн теңгесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тиесілі.