Мазар салу да "жарысқа" айналған ба?!.

Соңғы уақытта дүйім жұртты дүрліктіретін мәселенің бірі өлген адамның басына қоятын мазардың түр-түрі. Тіпті тіршілікте жоқ туысына 3 қабатты сарай тұрғызып, оны арнайы адамдарға күзеткізіп, жуып-шаятын күтушілер жалдайтын байлардың ісінен молдалар жағаларын ұстап отыр.

Бүгін біз имамдарды шошытқан, сәулетшілердің ерекше жобасымен тұрғызылған мазарлар жайлы сөз етпекпіз.

+4

Фото: Петр Карандашов

Бет-әлпетін көрсетуден бас тартқан Мақсат есімді бұл шырақшының Кеңсай мұсылман қорымында қызмет етіп келе жатқанына біраз жылдың жүзі болған. Міндеті –туысына келген азаматтардың сұрауы бойынша құран оқып, жөн сілтеу. Алайда имам азаматтарға ақыл айтып, шариат жолын түсіндіруге құлқы жоқтығын жеткізді.

«Алғашында мазар тұрғызып жатқандарға жөн-жосығын айтып, жол сілтейтінмін. Қазір олай жасамаймын. Себебі, адамдар түсінбейді. Анасының бейтіне зәулім сарай салып, мәрмәрмен қаптатып жатқан қазақ жігітіне бұл дұрыс емес, анаңа о дүниеде ауыр болады десем, «Өзім білем. Бұл менің анама жасаған соңғы сыйым» дейді. Тіпті, бір-екеуіне ей жігіттер тоқтатыңдар, Құран жолына қайшы десем, мені әкімдікке жамандап жұмыстан қууды сұраған. Ақылды осылай қабылдайтындарға енді басымды ауыртқым келмейді», – дейді ол.

1

Шырақшының сөзінше, зиратта әр ұлттан жерленген мұсылмандар көп. Алай да о дүниелік болған адамға құлпытас пен көк тіреген күмбезді қоюдан алдына жан салмайтын қазақтар көрінеді. Имамның бұл сөзін зират аумағында мазар салып жатқан құрылысшылар да растап отыр.

2

3

^1D9A6985DE838B8A9830A951825C2C77CA79FA5ECBB6F6D92A^pimgpsh_fullsize_distr

Еркін, құрылысшы: «Жалпы ең жақсы тапсырысты тек қазақ байлары береді. Айтатындары – біздің мазар өзгеше болсын, ешкімдікіне ұқсамасын. Ең арзан мазардың құны 2 миллион теңгеден 150 мың долларға дейін жетеді. Оның қымбат болу себебі, таза ақ мәрмәр, құлпытастарды көбінесе Италия, Германиядан алдыртамыз. Ал, кейбір күмбездерге бағалы металлдар қойылады. Оның құнын мен сізге айта алмаймын. Себебі, ұрылар естімегені дұрыс. Ал, кесененің кескінін арнайы сәулетшілер сызып дайындайды. Біз сол жоба арқылы оны тұрғызамыз. Былайша айтқанда, жыл бойына жұмыс бар. Тек мәрмәр мен граниттен қаланатын мазарларды жылы күндері жасаймыз».

4

5

Қорым аумағында кейбір мазардың бұзылып жатқандығын да көрдік. Алайда ол арнайы жасалған іс. Құрылысшылардың сөзінше, қалталы азаматтар жер қойнауындағы жақындарының мазарын 3-5 жыл сайын жаңартып тұрады.

Яғни пәтер секілді түгелдей күрделі жөндеуден өткені былай тұрсын, бұрыңғы күмбезді сырып тастап, су жаңа дизайындағы мазар тұрғызуды әдетке айналдырған.

6

7

Әрбір мұсылман зиратында 20-30 шақты азаматтар тұрақты жұмыс жасайды.  Олар қорымға күн сайын таңғы 9-да келіп, кешке қайтады. Қызметтері – бай-бағланның мазарын күзетіп, гүлдерін күтіп, бейіт басын күнделікті жуып-шайып отыру.

8

9

Бұл азамат жары екеуі Кеңсайдағы он шақты бейіттің тазалаушысы. Әр мазардың күту жұмысына аумағына байланысты 10 мынан 15 мыңға дейін аламыз дейді. Тау басындағы қорымнің кейбірі саябақ болса, кейбірі кілем төселген демалыс орнына көбірек ұқсайды. Тіпті, жұмысшылардың іс-қимылы мен ұрылардан сақтайтын арнайы бақылау камералары әр қадам сайын қойылған.

10

11

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері болса жарысып мазар тұрғызатын байлардың ісін «ысырапшылдық пен бәдіктікке» теңеді.

12

Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ шариат пәтуа бөлімінің меңгерушісі: «Шариатта өлген адамға құрмет қыл. Ол үшін мал мен жан-жануар кірмейтіндей етіп қоршап қой деген. Ол дегеніңіз сарай тұрғызу емес, адамның беліне жетпейтіндей жеңіл қоршау тұрғызу. Ал бейіттің басына өскен шөпті жұлып, өртеп алысуға болмайды. Ол өзі қурап кетуі тиіс. Қайтыс болған адамға бұдан еш сауап жоқ. Одан да басына құран оқып, сол кісінің атынан садақа берсе, міне содан артық сауап жоқ. Мына тай-таласып мазар салатындардың ісін пайғамдармыз (с.ғ.с.) ысырапқа теңеді. Мұхаммед пайғамдарымыз (с.ғ.с.) айтқан, «өлген адамның артынан тек үш-ақ нәрсе барады. Ол елге жасаған жақсылығы (көпір, мектеп, аурухана салу), екінші – халқына ілім мен білімді тегін үйретсе, үшінші -жақсы тәрбиелі ұрпақ қалдырып, солар артынан дұға жасаса» деген. Одан да сол мазарға кеткен ақшаға тірілер жетім-жесір мен кедей-кепшікке үй әперіп, қатты науқас жанның еміне төлесе, содан артық сауапты іс жоқ. Ал ескірген мазарды жаңарту деген тіпті жоқ. Себебі шариат жолында зираттың үстіне 50 жылдан соң қайта адам жерлеуге болады деген рұқсат бар. Қазақтар бұл істерін тоқтатпаса, еліміз Қазақстан емес, қабірстан болып кетеді. Сондықтан «Жаназа пәтуасы» деген кітап шығардық. Әрбір жұма сайын жиылған халыққа осыны айтып, ысырапшылдыққа бармауды сұрап жатырмыз. Нәтижесін уақыт көрсетер енді».

883A7791

883A7806

883A7814

883A7816

883A7821

883A7851

883A7853

883A7854

883A7858

883A7860

883A7864

883A7869

883A7875

883A7882

883A7892

Дереккөз: NUR.KZ