Батырхан Шүкеновті әлгі әйелмен байланыстыратын тек ұлы ғана...
2015 ж. 01 қараша
3200
0
Батырхан Шүкеновпен араласқан адам оның азаматтық некедегі әйелі туралы шындықты жайып салды
1 қараша
Танымал психолог әрі нумеролог маман Клара Күзденбаева өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасына Батырхан Шүкеновтің бұрынғы әйеліне қатысты жазба жариялады.
Аталған жазбада ол Шүкеновтің баласы мен бұрынғы әйелі туралы бағдарламаны көріп, көп нәрсеге таң қалғанын айтқан. «Бүгін Бірінші арнадағы «Пусть говорят» бағдарламасын қарап шықтым. Қатты таң қалдым! Олар дүйім жұртқа тексерілмеген ақпараттарды неге жариялайды? Бағдарламада Батыр азаматтық некедегі әйелімен 20 жыл тұрды дегені несі??? Батыр Екатеринамен 10 жыл бұрын ажырасып кетті. Ал 2008 жылы Әйгерім есімді жас қызға үйленді. Өкінішке қарай, олардың отбасылық өмірі ұзақ болған жоқ. Жас қыз мінезді әрі қызғаншақ болып шықты. Сондықтан ол Екатеринамен 20 жылын өткізген жоқ», – дейді маман. Содан соң, Күзденбаева студияға келген Батырхан Шүкеновтің бұрынғы әйелі мен әйелінің құрбысын сынға алған. «Иә, ол шынымен де бұрынғы әйелімен жақсы қарым-қатынаста болды. Алайда, ол тек ұлы Мақсұт үшін ғана араласты. Батыр өзінің жан жарын кезіктіруді армандайтын. Ал Екатерина оның бүкіл өмірінің махаббаты деген сөз толығымен сандырақ! Студияға келген Екатерина құрбысының айтқаны тіпті өтірік. Ол Батырдың барлық жетістігі әйелінің арқасында болды деді. Мен басқа шындықты айтқым келеді. Батыр үнемі жалғыз болды! Оның музасы музыкасы ғана еді. Ол ұлы Мақсұтты ерекше қатты жақсы көрді. Оны әлгі әйелмен байланыстыратын тек ұлы ғана. Екатерина болса, Батырдың баласына деген махаббатын жақсы пайдалана білді», – деп жазады маман. Танымал нумерологтың жазуынша, Батырхан Шүкеновтің Мәскеуде өз пәтері болмаған. Ол Мәскеуде бір бөлмелі пәтер жалдап тұрыпты. «Біз бұл мәселені көп талқылайтынбыз. Мен Батырға мұның дұрыс еместігін, жақсы пәтерде тұру керектігін айтатынмын. Кейін Астанадағы пәтерін сатып, Мәскеуден үй алу керектігін айттым. Риэлтор да тауып бердім. Алайда, осымен бәрі бітті. Ол пәтерді сатып, Америкадағы баласы тұратын үйге салыпты. Меніңше, бұл жерде оған Екатеринаның әсері болған сияқты. Ол олигарх емес қой. Ол отбасын асырау үшін Америкаға 8 мың доллар жібереді дегенде жағамды ұстадым. Оған ауыр болды ғой! Өйткені, өзіне қымбатқа түсетіндіктен ол пәтерінің есігін де ауыстырмаған. Ал Екатеринадан ол ешқашан мейірім мен қамқорлықты сезінбеген», – деп жазады маман. Сондай-ақ, Батырхан Шүкеновпен өмірде жақсы дос болған Клара Күзденбаева Батырдың бұрынғы әйелінің мінезі туралы айтты. “Бірде Батырға қатты айтқаным бар. “Оған материалдық жағдай маңызды.Ол сені пайдаланып жүр” дегенімде Батыр жай ғана жымиған. “Мақсұттың анасы ғой”, – деді. Осыдан соң біз бұл әңгімеге қайта оралмадық”, – деп жазады маман. Жазба соңында Күзденбаева Екатеринаның Батырдың ағасы Бауыржаннан телефон арқылы ақша сұрап, айқай шығарғанын, оның тек есеппен жүретін әйел екенін айтады. Ол Мақсұтты Батырдың туыстарына қарсы қоюы мүмкін деген күдігін де жасырмаған. Маманның жазуынша, экранда періште болып көрінген келіншек үнемі есеппен жүретін, пайдакүнем адам екен.Дереккөз: NUR.KZ