Көк тудың төңкерілгені...

БЖСМ ғимаратында ту төңкерілген күйде ілініп, бір сағат бойы тұрған.

IMG_1318-

Бұл туралы “Мой Городқа” сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

“Мой Город” редакциясына қала тұрғындарының бірі Мұз сарайында тудың дұрыс ілінбегенін айтып, хабарласты.

Оқиға орнына жеткен тілшілер бұл жағдайдың растығына көз жеткізген. Ал қасынан өткен тұрғындар бұл қателікті байқар емес.

IMG_1329-

Сарайдың ғимаратынан ер кісі шығып, күзетшілер басшысы екенін мәлімдеді. Ол директорлар мен оның орынбасарлары орнында жоқтығын алға тартты.

IMG_1306-

Тудың қате ілінгенін білгеннен кейін ол оны қызметкерлер бір сағат бұрын ауыстырғанын айтты. Аздап ескірген туды жаңасына ауыстыру кезінде олар дұрыс ілмегендерін байқамай қалған сияқты.

Ол бірден қызметкерлеріне туды дұрыстап ілуге бұйрық берді.

Дереккөз: NUR.KZ