Түркия билігі Қазақстанда туылған қызды терроризмге қатысы бар деп айыптауда
2015 ж. 26 қазан
2206
1
Түркия Қазақстанда туылған азаматшаны теракт жасағаны үшін айыптауда.
Түркия билігі Қазақстанда туылған неміс қызын «Ислам мемлекеті» террористік тобымен байланысы бар деп кінәлауда деп жазады Die Welt-ке сілтеме жасаған Total.kz.
20 жастағы Валентинаның С. 2015 жылдың шілде айында Суруч қаласында болған террорлық шабуылға қатысы болуы мүмкін. Аталған террорлық әрекеттен 34 адам қайтыс болған еді.
Süddeutsche Zeitung жазуынша, Қазақстаннан көшіп кеткен ол Мёнхенгладбахта өсіп, неміс азаматтығын алған.
Шамамен бір жыл бұрын ол тағы бір неміс қызымен бірге Сирияға келіп, «Ислам мемлекетіне» қосылған. Нақты дәлелдер жоқ болса да, Суручтегі қайғылы оқиғадан соң Валентина С. арнайы жасақтың көзіне түскен.
Оның аты-жөні түркиялық полицейлер іздестіріп жатқан 21 адамның тізіміне енген.