Атышулы Сара Нұрқатованың ұлы басқармада жұмыс жасау үлкен арманым болды дейді
2015 ж. 22 қазан
2031
0
27 жасында білім басқармасы басшысының орынбасары атанған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың ұлы Максим Чаркин басқармада жұмыс жасау үлкен арманым болды дейді.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың ұлы басқармада жұмыс жасауды педогогикалық мамандықты таңдағаннан-ақ армандаған. Армандар мақсатты түрде бірден орындалып, басқармадан бір шыққан жас маман енді мектепте тәжірибе жинасам деп жоспарлап отыр. Өзін жоғары бағалаған 27 жастағы басқарма орынбасары мемлекеттік қызметте бұл алғашқы жасауым емес деп отыр.
«Мен мемлекеттік қызметте бірінші жыл жұмыс жасап жатқан жоқпын. Әкімшілікте жұмыс жасағаныма үш жылдан асты. Осыған дейін жастар саясаты бөлімінде жұмыс жасадым. Айтылып жатқанындай, жұбайыммен сол бөлімде таныстым. Кішкентай бөпеміз бар. Ол жұмысқа шығу керек болды. Екеуміздің бір жерде жұмыс жасауымыз заңға қайшы болғандықтан мен ол жерден кеттім. Сол кезде жергілікті «Вестник» газетінен білім басқармасында бос жұмыс орын бойынша байқау жарияланғанын көрдім. Тиісінше тест тапсырып, әңгімелесуден өттім. Басқарма басшысының орынбасары болып орналастым. Өзім педогогикалық саланы бітіргендіктен, білім басқармасында жұмыс жасауды бұрыннан армандадым», – деген Чаркин орындалған армандары туралы айтып берді.
Алайда, анасына қатысты айқайдан кейін бе белгісіз, жас маман жаңа жоспарлар ойлап жатыр. Білім саласын тереңірек меңгеремін деген ойда.
«Болашақта мектепте де жұмыс жасап көремін. Ондай жоспарым жоқ емес. Білім саласының жүйесін толық меңгеру үшін мектепте жұмыс жасап тәжірибе жинауды да ойлап жүрмін. Көпшілік менің жас екенімді айтып, ол бар болғаны 27 жаста деп жатыр. Мен екі айдан кейін 28 жасқа толамын», – дейді Сара Нұрқатованың кіші ұлы.
Максим Чаркиннің еңбек жолы төмендегідей:
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген – (2006-2010жж.), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы,гуманитарлық ғылым магистрі (2010-2012 жж.)
Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, құқықтану (2012-2014 жж.).
Еңбек жолы: «Ақтөбе облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, бөлім басшысы (2012-2015 жж.)
2015 жылғы қыркүйектен бастап – Ақтөбе облысының білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру жөніндегі басқарма басшысының орынбасары.
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген – (2006-2010 жж.), Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясы,гуманитарлық ғылым магистрі (2010-2012 жж.), Қазақ-Орыс Халықаралық университеті, құқықтану (2012-2014 жж.).
Студент кезінен-ақ бөлім басқарған Сара Нұрқатованың ұлы әлі көп белестерді бағындыратынына сенеді.