Ресей құрамына кіру туралы сауалнама жариялаған Риддер тұрғыны қамауға алынды

Риддер қалалық соты «сепаратизм» бабымен айыптаған Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының тұрғыны Евгений Сычевке қатысты сот тыңдауы 22 қазанға белгіленгенін хабарлады.

fe9f389134b872478c99a836d55de88e_XL

Фото: bryansktoday.ru

Жергілікті баспасөздің мәліметіне сәйкес 26 жастағы Сычев ресейлік «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Подслушено в Риддере» парақшасының әкімшілерінің бірі болған.

Сычевке айып қоғамдық парақшада «Риддер қаласында сайлау болғанын елестетейік» тақырыбымен пайдаланушыларға Ресей құрамына кіруге «ие» немесе «қарсы» дауыс беруге шақырған хабарлама пайда болған соң тағылған.

Риддер қалалық сайты Сычевтің «Сепаратистік қызмет» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуін мамыр айында облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастаған.

Дереккөз: Азаттық