Назарбаев Каспийдегі сарбаздардың өлімінен кейін жоғары қызметтегі командирді орнынан босатты
2015 ж. 15 қазан
2659
15
Дәулет Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Қарулы Күштерінің Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды», – делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда.
Мемлекет басшысының Өкімімен Мұрат Қажымұратұлы Нұғыманов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.
Еске салсақ, 18 қыркүйекте Ақтауда «Центр-2015» жаттығуларының екінші кезеңі – «Орталық-Азиялық стратегиялық бағытта әскер топтарымен операциялар жүргізу» («Оймаша» полигонынан 5 км жерде) – өткізу барысында, «теңіз десантын түсіру және плацдармды бекіту» эпизодын жүргізу кезінде теңізге 6 БТР-80 мен 52 жауынгер шыққан болатын. Теңізбен 150 метрдей жерді өтіп, күшті толқын себебінен 4 БТР-80 суға батып кетті.
Олардың екеуі өз беттерінше судан жүзіп шығып, мерзімдік қызметтегі 4 жауынгер суға батып кетті. Ақтаудағы сарбаздардың өлімінен кейін Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бірнеше командирді қызметінен босатып, қаза болу фактісі бойынша Әскери прокуратура қылмыстық іс қозғаған еді.