Белгілі қоғам қайраткері Мақсұт Нәрікбаев өмірден озды

Бүгін, 2015 жылдың 12 қазанында 75 жасында белгілі қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық заң университетінің президенті Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев өмірден озды. Суыт хабарды университеттің баспасөз қызметі растады.

Марқұмның қай қалада және неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Мақсұт Сұлтанұлы 1940 жылы 30 наурызда Алматы  облысы, Талдықорған ауданы, Еркін аулында дүниеге келген.  1958-59 жж. - Украин КСР Днепродзержинск қаласының № 8 техникалық училищесінде оқыды. 1963-66 жж.- Совет Армиясының қатарында әскери борышын өтеді.

1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетті  заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты (қазір - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) . Заң ғылымдарының докторы (1998), құқықтану профессоры (2001),  Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі (2001 жылдан бастап). М.Нәрікбаев жоғары класты  білікті судья еді.