Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бәйгеде Әлинұр Назарбаевтың жүйрік аты топ жарды (фото)

Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылған бәйгеде Әлинұр Болатұлы Назарбаев баптап қосқан жүйрік аттар көш бастады.

1444308734wchr4-620x400

Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Тараздағы «Атшабар» алаңында өткен 21 шақырымдық «Топ бәйгеде» Әлинұр Назарбаевтың екі тұлпары үздіктер қатарына кірді.

Атап айтар болсақ, Әлинұр Назарбаевтың Қозыкүрең жүйрігі «Топ бәйгеде» бірінші болып келіп, 5 миллион теңгені жеңіп алды. Болат Назарбаевтың ұлына тиесілі тағы бір жүйрік Торыат бәйгеде төртінші болып келді.

1444308864af9br

Сонымен қатар, ұзақ қашықтықтағы Аламан бәйгеге де Болат Назарбаев отбасының жүйрік аттары қатысқан.