Назарбаевтың шөбересіне Әнуар есімі берілді
2015 ж. 08 қазан
2861
7
Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте мемлекет басшысының немересі Нұрәлі Әлиевтің екінші ұлы өмірге келді. Бұл Астана әкімі орынбасарының отбасындағы төртінші бала.
Айта кетейік, Нұрәлі Әлиевтің жұбайы Аида Әлиева – Әділет министрі Берік Имашевтің қызы. Ол парламент сенаты залынан шыққан кезде баланың жағдайы жақсы екенін айтты. Нәрестеге қандай есім берілді деген сұраққа Берік Имашев “Әнуар” деп жауап берді.
Нұрәлі Әлиев пен Аида Әлиева 12 жылдан бері некеде. Олар осыған дейін үш баланы тәрбиелеп келді: ұлдары Алан, қыздары Лаура мен Амира.