Қуаныш Сұлтанов: ҚАЗАҚ ТІЛІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДӘРЕЖЕГЕ КӨТЕРІЛДІ !
2015 ж. 05 қазан
4990
34
Қуаныш СҰЛТАНОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
ҚАЗАҚ ТІЛІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДӘРЕЖЕГЕ КӨТЕРІЛДІ !
«Мәңгілік Ел : Болашағы біртұтас ел» Патриоттар форумында сөйлеген сөзі
Қайырлы күн, құрметті Форумға қатынасушы азаматтар! Жас достар! Бүгінгі отаншылдар форумына қош келдіңіздер! Осы күндері қазақстандықтар Елбасы, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Әлемнің ең жоғарғы, ең мәртебелі төрі мен мінбері – БҰҰ-ның 70-сессиясында қазақ тілінде сөйлеген сөзімен асқақтаған ұлт абыройын сезінуде. Қазақ тілі тұңғыш рет осынау дүниежүзілік дәрежеге көтерілді. Все казахстанцы гордились и радовались за наш государственный язык, что вновь ярко показало состоятельность нашей дружбы, согласия и единства. Глава государства вниманию мирового сообщества предложил основные цели развития Стратегии «Мәңгілік ел», современной страны в Великой степи, а также конкретные предложения по не допущению конфликтов и войн, искоренению терроризма, обеспечению мира, стабильности и взаимного уважения между народами в глобальном масштабе. «Есе тиер, енші алар ел болсам деп ойлаушы ем, Қазақпын деп айта алар мен болсам деп ойлаушы ем» – деген бабалар арманына бүгінгі ұрпақ жетті. Бұл – мыңдаған жылдар көксеген арманымыздың бірі еді. Бұл – мемлекеттік Тәуелсіздік жемісі, Елбасының Ерлік Жеңісі! Мың жылдық тарихымызда біз, біздің бабаларымыз талай қиындық көріп, жанкештілікпен Тәуелсіздікті аңсады, күресті, соның жолында құрбан болды. Еркін ел болу бақытын, сол еркіндікті, тәуелсіздікті ұлттың, халықтың ынтымағын жасампаздық игілігіне жарату – біздің патриоттық борышымыз. Елбасының стратегиялық көрегендігі мен реформаторлық таланты еліміздің Тәуелсіздік дәуірінде қарыштап дамуын қамтамасыз етеді. Қазақ мемлекеттігінің терең тарихына талдау жасап, Тәуелсіз Қазақстан халқын бір мақсатқа жұмылдыратын жалпыұлттық идея – Ұлы Дала кеңістігіндегі Мәңгілік Ел Стратегиясының 2050 жылға даму бағдарламасы ұлтымыздың жарқын болашағы. Ассамблея атынан алдағы уақытта халыққа, ұрпаққа осыны мейлінше жеткізу, тек қана өзіміздің мемлекетке қана емес, көрші елдерге, алыс мемлекеттерге жеткізу мақсатында арнайы «Мәңгілік ел» бағдарламасын не болмаса «Мәңгілік ел» телеарнасын жариялап, жұмыс істетуге ұсыныс жасағым келеді. Осы Ұлы жорықта біз бәріміз, әрбір Қазақстан азаматы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сенімді тірегі әрі көмекшісі болуымыз – абыройлы парызымыз. Жасасын Қазақстан! Жасасын Қазақ халқы! Жасасын Елбасы! 5 қазан, 2015 жыл. Qazaquni.kz