Н. Назарбаев: Мен айтқаннан кейін біздің басшылар қазақша сөйлейді деп сенемін!

49
5645

49 ПІКІРЛЕР

  1. Жұмыртқалап шыққан тауықтай қыт-қыттап кетіп барамыз,ә? Бізде тіл «жыры» 25 жылға созылып тұр.Егер президент, айталық, 2001-жылы қазақ тілін үйренбеген шенеуніктер 2011-жылы қызметінен босатылады деген жарлық шығарса, ол орындалар еді. Балтық мемлекеттері өздерінің халқы олардағы орыстардан аз бола тұра сескенбестен сондай жарлық шығарды да, ұлт тілдерін мойындатты, Ресей тоқтата алмады, ал біздің президент Мәскеуге қарап жалтақтап,орыс тілін әуелі ұлтаралық қатнастар тілі деп, содан кейін ресим тіл деп, қазақ тілімен тең қойды.Рас па? Рас. БҰҰ-да басқа мемлекет басшылары, өкілдері түгелдей өз тілдерінде сөйлегелі қашан! Назарбаев 25 жылдан кейін сөйтті де, ертеңінде Польшаның басшысымен орыс тілінде сөйлесті. Онысы несі? Жә, тоса түралық, қазақ тілін қалай көтерер екен. «Өздерінің сөйлескілері келмейді» деп қазақтарды жазғырып та үлгірді, арғысын көрерміз. Бүкіл халық дерлік талап етсе де, Павлодар мен Петропалдың тарихи қазақша аттарын қайтадан қоюға құлақ аспады. Рас па? Рас. Неге? Павлодарда кездескендерінде Путин басын шайқаған шығар. Осындай наразылық айта ауыз ашпай, уралап мақтап жөнелдіңдер, Ибрахимнан басқаларың. Қашанға дейін құр шуылдақ бола бересіңдер? :koisai: .

  2. путлерді жақтырта көрмейтін (орыс тілі соның тіліғой) америкалықтардың алдында жалтақтық. Ағылшынша білсе сол тілде сөйлеп беруші еді))). Бар болғаны сол ғана. Әйтпесе баяғыдан қайда қалды. Өзіғой, орыстілді мазақстанды қалап берген…

  3. ӨИ ӨҢКЕЙ БӨРІДЕЙ ШУЛАҒАН ҚАРА ТОБЫР СОРЛЫ ШАЛА ҚАЗАҚТАРЫМ АЙ ! НАЗАРБАЕВТЫҢ ЕЛІМІЗДІ МӘНГҮРТТЕНДІРІП ӨЗ ТІЛІНЕ ЗАР ЕТІП БОЛҒАННАН КЕЙІН , ШЕТ ЕЛДЕ БІР АУЫЗ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕГЕНІ ЕРЛІК БОЛЫППА , ТАҢСЫҚ БОЛЫППА ? ӨЙТКЕНІ ОЛ КӘПІР ЕМЕСҚОЙ . МІНЕ МӘНГҮРТТІГІМІЗ ӨЗІНЕ ХАЛЫҚТЫ ТӘУЕЛДІ ЕТІП АҚЫМАҚ ЕТІП КЕЛІПЕДІ , ЕНДІ МІНЕ ТҮЛКІ БҰЛАҢҒА САЛЫП МАЛ ҚАЗАҚТАРДЫ БІР АУЫЗ ШАЛА ҚАЗАҚШАСЫМЕН АЛДАЙ САЛДЫ . СОНЫ ҮЛКЕН ӘҢГІМЕ ЕТІП ТАЛҚЫЛАЙТЫН НӘРСЕМЕ ? МӘНГҮРТТЕР СЕНДЕРГЕ НАЗАРБАЕВ КӨРСЕТЕДІ ӘЛІ .

  4. Арине,билик басындагылар сизди кутип журген жок па? Сиз калай карай кисаясыз,олар да солай кисаяды…..

  5. Егер бизде оз арамызда казак тилинде сойлессек, онда корши мемлекет азаматтары да дагдыланар еди!

  6. Үкімет басшылары, Парламент төрағалары, депутаттар, Президент әкімшілігі қызметкерлері, әкімдер, әкімдік қызметкерлері, Мемлекеттік қызметкерлердің барлығы, эфир журналистері, жүргізушілердің барлығы, зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысынан үлгі алып,мемлекеттік тілде – қазақ тілінде сөйлеуі тиіс!

  7. Билік сөйлемесе енді сөйлесін.бір басқа ұлт өкіліне бола басқа тілде сайрауымыз 99 қазақтың құқын бұзу болып жүр.неге сол азамат Мем.тілді сыйлап қазақша сөйлемеске, болмаса аудармашы қойылсын.
    Елбасының барлық айтуыда, істеріде, жоспарлары да дұрыс,бірақ қоршаған ортасынан шыға алмай қалады.халық арасына жеке басы шығып жүрсе, қосшы ертпей, бəрін басқаша құрар еді деп ойлаймын.жасы келді.адам қартайғанда бала дегендей, осы кісіні Обама сияқты бала шаға арқасынан қағып алдап жүргеніне жаның ауырады

  8. жас қазақ 2 қазан, 2015, 18:21
    сабалата қояр саған:)…….
    +++++++++++++++++++++
    Тәуелсіздік алғанымызға жақында 25 жыл болады, осы күнге дейін қазақша сөйлемеген биліктегі қазақтар тағы 25 жыл берсең де мемлекеттік тілде сөйлемейді. Ондайларды ойланбастан биліктен қуу керек , олардың орнын ауыстыратын қос тілді жақсы меңгерген өз саласының білікті мамандары елімізде жеткілікті.

  9. Елбасының әр бастамасы мен идеясы тек қолдауға ғана лайық. Креативті ойларына тәнтімін.

  10. Енді елдегі кейбір қазақша сөйлегісі келмейтін бастықтар енді мемлекеттік тілде сөйлейді деп үміттенемін

  11. сабалата қояр саған:)Айта салу оңай-ау сендерге. жалғыздың үні шықпас. Н.Ә. Назарбаев екі тілде де жақсы сөйлейді. Домбыра шертеді, кітап жазады, өнер иелерін бағалай біледі. Мына жасында оған дейін де ел үшін еңбек сіңірді.Одан да жан-жақтан шуламай қолдамайсыңдар ма, ауызбен орақ орған сабаздарым-ай…Ал баяндаманы қазақ тілінде жасаса оның несі жаңалық, ей осы а???Жылқы кісінейді, адам сөйлейді, ит үреді-бәрі заңды.қазақ қазақша сөйледі шетелдіктер алдында тілімнің даңқы артты дейсіңдер. Солай болуы тиіс. Олар бәрібір сол мезетінде түсінген де жоқ.Тіл шетелдіктер алдында мақтанатын мұнай, астық, алтын емес.Оларға тіліміз,салтымыз емес алтынымыз т.б. байлықтарымыз қымбат. Біздің президенттің тіл байлығы, сөз саптауы, әңгіме мәні қандай! Өзі парасатты екен ғой деп қуансақ бір басқа.Мақтаншақсыңдар ғой, қазақтар.Тіл, әрине, рухтық мәселе. Ал халық бұған қоса күнде жейтін нандарынан тарықпауы, ең керекті деген-баспана, киім, дәрісінен қиналмаса соған да мәз болар еді.Қанша жерден білімді, шешен бол, аш-жалаңаш, үйсіз-күйсіз сырқат болса болашағы бұлдыр. Өз елінде болса да. Жалаңаяқ патриоттарды ел де түсінбейді, біреу аяса екіншісі күледі, үшіншісі ұрсып, қуады.Жұмыссыздар көп.Бір бейбақтар кредит төлей алмай суицидтер жасалуда. Қала мен ауылдағы біршама дәулетті емес қызметкерлер киімі мен тамағын, дәрісін қарызға алып күн кешуде.Осыған қатысты неге мәселе көтермейсіңдер,біздің ақылгөй, елден асып туған еңсегей бойлы ер білгіштер.Жалпы, елдің өз талап-ұсыныстары болуы тиіс. Ал біз көбінесе шулап, лепіріп, лағып кетеміз.Байбаламшыл, ұрысқақ, Надан болғанымыз ғой, шамасы. Солай-ау, тегі.

  12. Елбасымыздың шешімін қолдаймын, әлемге қазақ тілін естіру мақсатында ұсынылған баяндаманың мазмұны да сәтті шыққанын атап өтпеске болмайды!

  13. Елбасымыздың халыққа деген құрметіне ризамын. Америка төрінде ана тілімізде сайрап, бір қуантты.

  14. Елбасымыздың даналығы осы болды. Әлем елдерінің басшылары жиналған тұста қазақ тілінде баяндама жасап, елін сүйетін, құрметтейтін Президент екенін танытты.

  15. Егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті. Сондықтан тілімізге неқұрайлы қарамай, жаңашырлық сезім танытсақ деймін, ағайын.

  16. Дұрыс айтады елбасы , қазір қазақ тілін меңсінбей, орыс тілін биіктетіп отырған қазақтарымыз өте көп.

  17. Үлгі боларлық іс көрсетті елбасымыз. Елдің ішінде қазақша сөйлесе бір бөлек, ал сыртта, соншама басқа ел өкілдерінің алдында қазақша сөйлегені бір басқа қабылдайды екенсің.

  18. шыны керек биздикилер еликтеуди жаксы кореди немесе буйрыкты, жогарыдан белгини кутеди. Елбасынын, касындагы топтын осыны жаксы пайдаланганына ризамын. журтка улги корсеткени шыгар

  19. Қазақ тілінің лексикалық қоры өте бай, өзге тілмен салыстырғанда аясы өте кең. Сол себепті осындай тілдің өркендемеске лажы жоқ.

  20. Енді басшыларымыздың құлағына алтын сырға. Қазақ тілі жанданып, өз мәртебесін оңалтатыны анық.

  21. Біздің ата-бабаларымыз қыпшақтар билік еткен тұста әлем Қыпшақ тілінде сөйлеген, сондай үстем тіл болған. Қазақ тілі сондай мінберден көріну үшін үлкен жұмыстар атқарылуы тиіс.

  22. Қазақ тілінің мәртебесін, кеңістігін әлі де кеңейті мүмкін деп ойлаймын. Елбасының қазақ тіліне ерекше құрметпен қарайтыны көрініп тұр.

  23. Меніңше бұл тіліміздің мәртебесін көтерудегі елбасымыздың оң қадамы. Осылайша ақырындап алдағы уақытта қазақ тілін әлемдік аренаға шығарамыз деген үміттемін.

  24. Елбасымыз әлемдік деңгейдегі ұйымда қазақ тілінде сөз сөйледі, ал біздің кейбір азаматтарымыз қазақ бола тұра қазақпен орысша сөйлейді, меніңше бұл ұят! Неге елбасыдан үлгі алмайсындар, ол әрқашан қазақ тілін жоғары сатыға қояды.

  25. Келешек ұрпаққа тілдің қадір қасиетін жоғалтпай, сол күйінде жеткізу әр қазақ азаматының борышы.Сондықтан тілімізді жоғлтып алмайық.

  26. Тіліңді сыйлағаның ұлтыңды сыйлағаның деп түсінемін.Тек өкінішке орай қазіргі уақытта бұны түсінбей жүрген қазақтар өте көп. Елбасымыз қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бар күш жігерін жұмсап жатыр, саммитте қазақ тілінде сөйлегені де тілімізді көтерудегі саясат, сондықтан қолдау көрсетіп, ана тілімізді биіктетейік!

  27. Ана сүтімен бірге енген тіліміздің қадір-қасиетін көтерейік, елбасымыздан үлгі алайық, ағайын.

  28. Елбасымыз түсіндірді. Түсінікті болды. Енді 3-4 күн қуандық. Әлі де қуанамыз, өл-өлгенше қуанамыз. Іштей қуанып, ісімізді (қазақ тілін дамытуды) ары қарай тыныш қана жалғастыра бермейміз ба? Неге шулай береміз. Әй, бірақ «Қазақтың тұзы жеңіл» деген ғой бабалармыз. Тұзымыз жеңіл! Аңқаумыз. Тек қана арандаушылыққа жол бермейік ағайын.

  29. Өзге бәрін біл, өз тілінді құрметте деген Қадір мырза Әлидің сөзі есіме түсіп отыр. Бірақ өкінішке орай қазіргі кезде тіл мәселесі қазақ қоғамында үлкен орын алады. Жастарымыз тілімізді меңсінбей, орыс тілінде сөйлейді. Мемлекетіміздің тіл саясаты жүзеге аысп келеді, бірақ оның нәтижесін көру үшін әр қазақта тіліне деген жаңашырлық сезім болу керек деп ойлаймын.

  30. Нұрсұлтан Әбішұлы тіліміздің құнын көтеру мақсатында осындай қадамға барды деп ойлаймын.

  31. Меніңше бұл әрекетпен елбасымыз тіл мәселесін түрткі етіп, барша қазақты тіліміздің мәртебесін көтеруге шақырып отыр.

  32. Елбасымыз Қазақстандағы барлық ұлт өкілдеріне қай тілде сөйлесін, өз еркін, бірақ қазақ тілін өркендетуге де өз үлесін қосуда. Барша елдер болып тыңдасын, білсін, естісін! Дұрыс!

  33. Расында да мемлекеттік тілді біле тұра, сөйлескісі келмейтіндер жетіп жатыр. Елбасының бұл шарасы сондайларға үлгі болсын .

  34. Бәрекелді, бұл әлемдік деңгейдегі қазақ тілінде жасалған алғашқы баяндама шығар. Мақтан тұтамын!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз