Өз тыңдармандарын сыйламайтын Ділназ Ахмадиеваны барлардың біріне кіргізбей қойды
2015 ж. 26 қыркүйек
2365
1
Қазақстандық әнші Ділназ Ахмадиеваны Алматының бір мекемесіне кіргізбей қойған. Бұл туралы әртістің жақын құрбысы, продюсер Ләзат Биғалидің Инстаграм парақшасында хабарланды.
Биғали әріптестерінен өзінің жариялымымен әлеуметтік желіде бөлісіп, сонымен қатар мекемеге клиенттеріне жылы шыраймен қарауды ұсынды.
Кейінірек әртістің құрбысы мекемеге қатысты өткір пікірі үшін кешірім сұрады.
“Барға қатысты өткір пікір білдіргенім үшін кешірім сұраймын. 6.45. Эмоция. Менің айтқым келетіні құрбымды жақтау үшін емес, адамдық тұрғыдан. Әрбіріміздің өзіне ыңғайлы және жайлы киінуге құқы бар. Қалайша сіздер сондай деңгейдегі адам өзіне лайықсыз кейіпте келуіне жол береді деп, ойлайсыздар? Кейде адамдар өздерін сондай ұсақ-түйекте көрсетіп қалғысы келеді, мәселен бүгінгі бар әкімшісі сияқты. Қатты сөкпеңіздер”, – деп жазды Биғали.
Алайда продюсерді кейбір әріптестері мен достары қолдап, азаматтарды аталмыш мекемеге бойкот жариялауға шақырды.
Мекеме әкімшілігі оқиғаға қатысты жауап қайтарып, пікір білдірді.
«Бардың ресми көзқарасы келесідей: біз қонақтарды жұлдыз немесе жұлдыз емес деп бөлмейміз. Қонақ қандай да бір себепке байланысты дресс-кодқа сәйкес келмесе, біз ішке кіргізбеуге мәжбүрміз. Бүгін спорттық үлгіде киініп алған бір адамды кіргізсек, ертең біздің клиентіміз осындай кейіпте келіп, оған болады неге маған болмайды деп сұрауы әбден мүмкін. Сондықтан талап бәріне бірдей» , — деп жазды аталмыш мекеме.
Ділназ Ахмадиева отандық шоу бизнестің танымал әншісі мен әртісі. 2012 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған. Ахмадиевның өнер жолы 1984 жылы басталған. 2004 жылы ол “Көшпенділер” фильміне түсіп, онда Хоши рөлін сомдаған.