Қарағандылықтар жақында ашылған гей-клубтың жабылуын талап етті

Қарағандыдағы Рысқұлов көшесінің тұрғындары жақында ашылған гей-клубқа қарсы шықты. Олар клубтың үстінен Қарағанды облысының әкіміне де шағымданған.

гей клуб

Фото: НВ

Бұл туралы nv.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Гей-клуб балалардың тәрбиесіне кері әсер етіп, азғындыққа итермелеуі мүмкін деп қорқатын тұрғындар «Еуразиялық кәсіпкерлер қауымдастығына» хат жолдап, шу шығарған.

“Адамдар шу шығарды. Әсіресе әжелер немерелерінің сол жерде қыдыратынын айтып, айқайға басты. Учаскелік полицейлер келіп, гей-клуб жайлы көпшіліктің пікірін сұрай бастады. Алайда оның жабылуы туралы ешқандай шешім шығарылмады. Себебі оларды жайдан-жай жабуға құқық беретін заң жоқ бізде”, – дейді Рысқұлов көшесінің №5 үйінде тұратын Оксана Ким.

Балалар көп ұзамай ата-анасына қарсы шығып, дәстүрді жоқ қылады. Бұл азғындық әрекет Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнідіреді

Қауымдастыққа жолданған хатта тұрғындар бұл жайтқа ашулы екенін жеткізген.

«Біз, ата-аналар (әжелер мен аталар) азғындық ортаға тап болуы мүмкін немерелеріміздің болашағы үшін алаңдаулымыз… Егер балаларға бұл қалыпты жағдай деп айтатын болсақ, алдағы ұрпақ психикалық тұрғыдан ауытқыған болып шығады! Балалар көп ұзамай ата-анасына қарсы шығып, дәстүрді жоқ қылады. Бұл азғындық әрекет Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнідіреді. Қоғам діни ұйымдардың (мешіт, шіркеу) бұл жайтқа қатысты үнсіз отырғанына ренжулі. Біз болашақ ұрпақсыз қалуымыз да мүмкін», – делінген хатта.

Қоғамдық ұйым төрағасы Жомарт Алдоңғаров болса, бұл хатты тікелей Қарағанды облысының әкіміне жолдағандарын айтты.

Біз азғындыққа батқан Франция немесе Германия елі емеспіз. Біз мұндайды қабылдай алмайтын шығыстың адамдарымыз

“Біз хатты тікелей Қарағанды облысының әкіміне, қала әкіміне жолдадық. Сонымен қатар полицияның Оңтүстік-шығыс бөліміне де жүгіндік. Тұрғындар бұл жайтқа наразылықтарын білдіріп, көшеге де шықты. Мен шу шығарғанды ұнатпаймын. Дегенмен гейлер болашақ ұрпаққа жаман үлгі көрсеткендерін қаламаймын. Біз азғындыққа батқан Франция немесе Германия елі емеспіз. Біз мұндайды қабылдай алмайтын шығыстың адамдарымыз. “Егер адамға шошқа дей берсең, ол бір күні қорсылдап шығады” деп Максим Горький бекер айтпаған. Біз мәдениеттілікті сақтауымыз керек”, – дейді Алдоңғаров.

Ол полицейлердің бұл клубқа кіруге тырысқандарын алға тартты.

“Полицейлер бұл клубқа кіруге тырысты. Алайда есікті ешкім ашпады. Қанша қақса да түк шықпады. Оларда кіру үшін арнайы құпия сөзді айту керек екен. Дегенмен тәртіп сақшылары бұл орынды бәрібір тексеретін болады. Олар бұл клуб туралы ештеңе білмейді”, – дейді Алдоңғаров.

Дереккөз: NUR.KZ