“Астана ЭКСПО-2017″ компаниясынан 10 млрд теңге жымқырылды
2015 ж. 16 қыркүйек
2903
16
16 қыркүйек
“Астана ЭКСПО-2017″ ұлттық компаниясынан ақша жымқыру мәселесіне қатысты соталды тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта айыпталушылар іс материалдарымен танысуға кірісті.
Бұл туралы “Новости-Казахстан” агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды. «Бұрынғы шенділерге қатысты іс бойынша соталды тергеу аяқталды. Қазір біз айыпталушы тарапты да, зардап шегуші тарапты да іс материалдарымен таныстырудамыз», – дейді Мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров парламент мәжілісінің отырысында. Оның айтуынша, бұл іс бойынша 24 адам жауапқа тартылуда. Жымқырудың жалпы сомасы 10 млрд 200 млн теңгені құраған. “Олардың ішінде 4 млрд 200 млн теңгені Ермегияевтің (“Астана ЭКСПО-2017″ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев) өзі алғаны анықталды. Бұған “Астана ЭКСПО-2017″ бюджетіне алынған активтер кірмейді”, – дейді Қожамжаров. Ол активтерге тұрғын үйлер, көліктер, мейманханалық кешен кіретінін айтты. Еске салсақ, маусымның ортасында “Астана ЭКСПО-2017″ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев, “Астана ЭКСПО-2017″ құрылыс департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсенов үйқамаққа алынған болатын. Кейін “Астана ЭКСПО-2017″ басқарушы директоры Сұламбек Баркинхоев та ұсталды. Олар қомақты бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктелуде. Дереккөз: NUR.KZ