Қуат көздері қымбаттады
2015 ж. 11 қыркүйек
1316
0
ҚР Үкіметі елдің жанар-жағар май нарығындағы тапшылықтың алдын алу мақсатында АИ-92 маркілі жағар майдың бағасын мемлекеттік реттеу саласынан шығару бойынша шешім қабылдады. Бірінші Вице-Премьер Бақытжан Сағынтаев бұл туралы ОКҚ брифингінде мәлімдесімен жанармай бағасы шарықтап шыға келді.
Бүгінгі күні Алматы қаласында АИ-92 маркілі бензин 128-130 теңге аралалығында сатылуда. Өзге өңірлер де бұдан қалысар емес. Теңге бағамының құлдырауынан кейін бірқатар тауарлардың бағасы көтерілгені белгілі. Енді міне қымбатшылық кезегі электр қуаты мен жанармайға да келіп жетті. Оралда жарықтың құны бірден 21 пайызға көтерілді. Бюджеттік мекемелер үшін тіпті 87 пайызды құрады.
Бұдан кейін Үкімет енді ештеңені баға жөнінен тежей алмайтыны алдынала белгілі болып отыр. Барлық саладағы баға көбінесе қуат көздеріне байланысты. Бүгінгі күні электр қуатынсыз өндіріс тұралап қалатыны түсінікті. Ал жанармай қымбат болса тауар да қымбаттайды. Өйткені тауарларды қажетті жерге жеткізу үшін жанармайды қолданатын көліктерді пайдаланады. Бұған ешқандай монополияға қарсы құзырлы орган да шара қолдана алмайды.
Зейнолла Қабиоллаұлы
"Қазақ үні" газеті