SEX, LОХ, XYE секілді "ұятсыз" нөмірлерге тыйым салынбақ
2015 ж. 27 тамыз
12549
0
Автомобильдің мемлекеттік номеріне қатысты қызықты құжат "ВКонтакте" желісіндегі CarsKz автотобында жария болды.
Бұл хат Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің тіл жөніндегі комитетінің Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне жолданған.
"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл жөніндегі комитеті көлік құралдарына арналған жаңа үлгіледі тіркеу номер белгілеріне тілдік сараптама жасап, келесі жайды хабарлайды: Заңды тұлғалар үшін символдар кестесінде АМ, сонымен қатар, жеке тұлғалар үшін ААМ, АММ, ВОК, СЕХ, FBР, НЕR, КАL, КОТ, LОХ, МАL, ООN, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK серияларының оқылуы және дыбысталуы ережеге сәйкес емес және сөйлеу мәдениетіне жат. Осыған байланысты бұл номер белгілерін алып тастауды сұраймыз", - делінген хатта. Құжаттың мерзімі 2012 жыл деп көрсетілген, алайда бұған дейін Желіде жарияланбаған еді.
Ведомстволар бұған қатысты түсінік бере қойған жоқ. tengrinews.kz