ҮНСІЗ МИНИСТР 176 ЗИЯЛЫНЫҢ ХАТЫНА ЖАУАП БЕРЕТІН ШЫҒАР…

aslan 2

СӘРІНЖІПОВ МЫРЗАҒА ТАҒЫ ДА СӘЛЕМ ХАТ!

 

 Редакциядан. ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов мырзаға «Қадірлі Аслан Бәкенұлы!» деп басталатын кезекті сәлем хатымызды жолдап отырмыз. Хатымызда Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебіндегі ахуал қысқаша баяндалып келеді де, министрге ұсыныс, ой, тілек айтылады. Талап қойылады. Осындай мазмұндағы хат Сәрінжіповке бұдан бұрын да жолданған. Бірақ, неге екені белгісіз министр үнсіз. Былтыр Abai kz ақпараттық порталының оқырмандарымен интернет-конференция арқылы жүздесіп,  сан алуан сауалдарға еркін жауап берген бұқарашыл министрдің мына үнсіздігіне қайран қала отырып, жауап күтеміз. Тым құрығанда, министр 176 адам қол қойған хаттағы ойлар мен ұсыныстарға өз пікірін білдертін шығар деп үміттенеміз.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ

А.Б.СӘРІНЖІПОВ мырзаға

  Қадірлі Аслан Бәкенұлы! Үстіміздегі жылдың сәуір айында Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі Айман Сағидуллаева Мұхтар Шахановқа жолығып, әкімшілік құрылым  қызметкерлеріне тиісті жұмыстардың барлығы дерлік мұғалімдерге артылғаны және толып жатқан әншілердің концерттеріне билет өткізу мұғалімдерге жүктелетіні, барлық қарсылықтың «жұмыстан кет!» деген сөзбен басылатыны жайлы шындықты жеткізген еді. Сонымен қатар, аудан әкімі тарапынан ұйымдастырылған сенбілікке бүкіл аудан ұcтаздары наурыз айының 26-28 аралығында, сәуірдің 4-нен 13-не дейін он күн бойы шығарылғаны, оған наразылық білдіргені үшін жазықты болғанын да баяндап берген болатын. Білім саласында болып жатқан мұндай келеңсіздіктерге бей-жай қарай алмаған Мұхтар Шаханов өзі баcқаратын «Жалын» журналының тілшісі Жанна Иманқұлға Айман Сағидуллаеваның жазып келген мақаласын баспаға дайындауға тапсырма беріпті. ustaz «Мұғалімдердің мүшкіл халі. Оларды биліктің қолбаласы болудан қалай құтқарамыз?» – деген тақырыптағы мақала «Жалын» журналының №4 санында басылып шықты. Бүкпесіз, таза шындыққа құрылып, мұғалімдердің қоғамымыздағы мүшкіл халін ашып көрсеткен еңбекті «Қазақстан ZAMAN», «Төртінші билік», «Дат»,  т.б. газеттер мен «Абай.kz»,  «Ұлт.kz», «Қамшы» сияқты интернет сайттары да жарыса басты. «31 арна», «Таң» телеарналары әділетсіз жүйе тудырып отырған жағдайлар туралы арнайы репортаж жасады. Ал, әлеуметтік желілерде ойлы, саналы азаматтар тарапынан қызу талқыланып, әр аймақтан мұғалім мұңына ортақтасқан жандар бұл бастамаға белсенділік танытып жатты. Осы мақалада көтерілген мәселелер негізінде Мұхтар Шахановтың өзіңізге арнаған қазіргі уақыттағы ұстаздар қауымына қатысты күрделі мәселелерді шешуді сұраған ашық хаты «Абай.kz»,  Qazaquni.kz, «jetysunews» ғаламтор сайттары мен «Жас Алаш», «Қазақ елі» газеттерінде жарық көрді. «...Ең алғаш үлкен деңгейде көтерілген ұстаздар қауымының құқығы тапталуына қарсы бұл батыл бастама қазір қоғамда үлкен қозғау туғызды. Мұндай жағдайларды бірінші рет естіп жүрген жоқпыз. Немесе бұл тек Айман Сағидуллаеваның басындағы жағдай емес. Біз сізге «Мұғалімдердің мүшкіл халі» деген мақаланы түсініп қайта оқып шығуға кеңес береміз. Онда көтерілген мәселелер тек бір мектеп не бір аудандағы жағдай емес. Себебі бұл мақаланы қолдап, пікір білдірген адамдарда есеп жоқ. Таяуда  «Қала мен дала»  газетінің  26-маусым   2015  жылғы санындағы  сіздің берген сұхбатыңызда, «Алматы облысының берген ақпаратына сәйкес Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында көктемгі көгалдандыру айлығының жұмысына байланысты сенбіліктер ұйымдастырылған. Сенбілік кезінде оқу үрдісі сабақ кестесіне сәйкес жүргізілген. Оқу-тәрбие  үрдісіне кедергі жасалмаған. Сенбілікке мектеп мұғалімдері сабақтан бос уақыттарында  өз еріктерімен қатысқан» - депсіз. Алайда Сіз Алматы облысының әкімшілігі,  Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Тұрар Рысқұлов  мектебінің тарих пәні мұғалімі Айбосын Адырбековтің  «Азаттық»  тілшісіне берген сұхбатына байланысты  (http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_school_teacher_forced_labor/27027039.html)  не уәж айтар едіңіз? Бұл мәселе «Азаттық» радиосының «Еркін сөз»  бағдарламасындағы (">)  Айман Сағидуллаева  мен Алматы білім  басқармасының өкілі  Гүлсім  Пашаеваның пікірталасында кеңінен талқыланған. Білім басқармасының өкілі Гүлсім Пашаеваның өзі бұл бассыздықтарды жоққа шығармапты. Өзектілігі  болмаса ақпарат құралдары мұндай тақырыпты бір-бірімен жарыса  баспас еді... ...Тығырыққа тірелген, қоғамның назарын аударған мұғалімдер мәселесін шешу алдымен Білім және ғылым министрлігінің тікелей қорғауында, қолдауында болуы қажет» деп, орынды сын, дұрыс пікір айтылған Мұхтар Шахановтың бұл хаты ұстаздар қауымының топтасып, нақты әрекетке көшулеріне мұрындық болды. ustaz 2 Келешек ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру үшін барын салатын ұстаздарымыздың қазіргі қоғамдағы орнын белгілеп, мәртебесін көтерудің уақыты келді.  Біз, осы ашық хатқа қол қоюшылар, мұғалімдерге қатысты қордаланған мәселелерді шешу үшін мынандай ұсыныс-талаптар қоямыз:
  1. Тәуелсіз елімізде орны төрде болуға тиісті ұлағатты ұстаздарымыз әкімшілік пен мектеп директорларының қолбаласына айналған. Көнбіс, жалтақ мұғалімдерден тәрбие алып жатқан ұрпағымыздан қандай болашақ күтеміз? Мұғалім азат болмай, оқушы еркін ойлы бола алмайды. Сондықтан, облыстық, аудандық білім басқармаларын ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті әкімшіліктен өз құзіретіне өткізіп алуын талап етеміз.
Бұл мектеп мұғалімдерін сайлау, санақ, сенбілік, газет-журналдарға жаздыру, концертке билет алғызу т.б. секілді түрлі науқандардан құтқарудың негізгі жолы;
  1. Мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жинаудың алдын алу үшін әр оқу орнына жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты баспасөз беттерінде жариялау;
  2. 3. ҰБТ-дің кемшілігі жетерлік! Және ҰБТ-нің қолданыстағы форматы еліміздің білім саласына енгізіліп жатқан жаңа бағдарламамен («Кембридж технологиясы») қабыса бермейді. Сондықтан ҰБТ-ны барынша жетілдіру қажет;
  3. Мектеп басшылығы мен мұғалім арасындағы келісімшарт 1 жылға ғана жасалады. Мектеп басшылары осыны пайдалана отырып мұғалімдерді айтқанынан шығармай, айдауына көндіре алады. Келесі оқу жылында жұмысқа қабылданып, сағаты мен жүктемесін қысқартпай алуы үшін мұғалімнің мектеп басшысына тағы пара беретін жайттар да көптеп кездеседі. Осы жағдайларға орай, келісімшарт мерзімін ұзартып, мұғалімдерді қызметке қабылдау үшін пара алу фактілерін түбірімен жоюдың амалдарын қарастырады деп сенеміз.
  4. Түрлі тексерулер мен сынақтарға арналған оқушының біліміне қосар үлесі аз қағаздарды ұстаздарға толтырта берудің дәл қазіргі технологияның дамыған уақытында қажеті шамалы. Сондықтан мұғалімдер біліктілігі мен оқушылар білімі ілгерілесін десек, артық қағазбастылықтан құтылу керек.
  5. Бір мекемеде басшылық қызметте 15-20 жылдап отыру таныстық-тамырластыққа апарады, ол ары қарай сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа ұласып кетеді. Сондықтан мектеп директорларының бір орында тапжылмай ұзақ отыруына мүмкіндік берілмесін.
  6. Мектепке жан-жақтан келетін тексерулердің барлығы дерлік тек ақша жинаудың амалы. Ол тексерістерден оң баға алу үшін тағы да мұғалім қалтасындағы қаражатынан қағылады. Сондықтан қаптаған тексерістердің қажеттісін ғана қалдырып, керексізін мүлде алып тастау қажет.
  7. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27-шілдедегі №319 Білім туралы Заңы 51-бабының 4-тармағында «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындау мен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді»  деген заң тармағы біздің талаптарымызбен толықтырылуын әрі нақты күшіне енуін талап етеміз.
Қол қоюшылар: Өмір Шыныбекұлы, Шымкент қаласындағы А.С.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейдің тарих пәні мұғалімі,  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Аятжан Ахметжан, Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің мұғалімі, «Қазбілім» порталының бас редакторы, Айзат Рақышева, Алматы қалалық №156 мектептің мұғалімі, «Қазақстан-Заман»  газетінің тілшісі, Молдағали Матқан, жазушы, академик, қоғам қайраткері, Геройхан Қыстаубаев, қоғам қайраткері, математик, Болат Абаған, Алматы облысы, Қазақстанның құрметті журналисті, Мұхтархан Абаған Мамырбекұлы, Алматы қалалық қазақ тілі қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, Кенесарыхан қорының төрағасы, Советхан Ғаббасов,  жазушы, Медицина және педогогика ғылымдарының докторы, Махамбет сыйлығының лауреаты, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Ғабиден  Жәкей, Ғ.Мүсірепов қорының төрағасы, Айбосын Адырбеков Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы  Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі, тарих пәнінің мұғалімі, Марал Дадиева, Қарағанды қаласы, «Қазақ тілін дамыту» орталығының маманы, Хурмет Нұрсолтан, Ақмола облысы, Целиноград ауданы,  № 10 орта мектеп мұғалімі, Айбергенова Салтанат Төлегенқызы, ф.г.к., доцент Абай атындағы ұлттық педагогикалык университетi, Бейсалиев  Омарбек Сәрсенбайұлы, Тараз қаласы, Достоевский бұрылысы, 5-үй, 39-пәтер зейнеткер, Мейіржан Темірбек, ШҚО, Тарбағатай ауданы,  Ақмектеп орта мектебi, педагогика ғылымдарының магистрi, «Толағай» жастар қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы, Нұрсейітова Маржан Жұмағазықызы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы,  Целиный көшесі,  23-үй, Шишкин орта мектебінің ұстазы, Гүлмира Сансызбай, «Мектеп оқушысы» Республикалық ақпараттық таным газетінің бас редактор, Төлекова Мария, Еңбекшіқазақ ауданы, математика пәнінің мұғалімі, Темірхан Жанбота, Ақмола облысы, Шортанды ауданы,  тарих пәнінің мұғалімі, Нұрболат Өтегенов, Ырғыз ауданы,  №1 қазақ орта мектебі мұғалімі, Айтқожа Фазылов, Қарағанды қаласы, профессор, Қойгелдинова Жазира Нұрбекқызы, ШҚО Үржар ауданы, Қабанбай ауылы, Б.Майлин орта мектебінің мұғалімі, Ербол Рахпанов, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Аймауытов көшесі 15-үй, құрылысшы, Байдолда Өміргүл, Екібастұз қаласының №21 мектебінің  математика пәні мұғалімі, Əділжан Оразбайұлы, Шымкент қаласы, сауда орталығы, Қуаныш Мұқтай, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, ақын (тел.:  87017210043), Үміт  Әшірова, Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы КММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Құрмет Ибрахимұлы, Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, № 7 орта мектебінің мұғалімі, Оразкүл Әмірбекова, Түркістан қаласы, Молда Мұса мектебі, Тыныштық Аманшақызы Сейіл, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Ардагер-ұстаз, Светқали Нұржан, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы «Төлеген Айбергенов» сыйлығының лауреаты, «Дарын» сыйлығының лауреаты, ақын, Ордалы Қосай, Маңғыстау облысы, Сайын ауылы, зейнеткер ұстаз, Ағыбаев Берік, «Болашақ» Республикалық қозғалысының  «Жастар қанаты» жетекшісі, «Болашақ жасар» газеті бас редакторының орынбасары, Ғалымжан Оразымбет, «Алтын дән»  ЖШС  қызметкері, Егінбаев Қанат Айтарұлы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы,  Петровка орта мектебі, Шара Елеусізқызы, Ақтөбе қаласы, Республикалық  «Қазақия»  газетінің  жауапты хатшысы, Қаратаева Гүлжазира, Шымкент қаласы, Қазына көшесі,  4-үй, Жақыпбекова Гүлжан, Шымкент қаласы, Абай даңғылы  21-үй,  1-пәтер тұрғыны, Айбек  Тұрарұлы, Атырау облысы, тарихи-өлкетану  мұражайы археология  бөлімінің меңгерушісі, Қарабас Ғабит Әліпбайұлы, Астана қаласы, Әшірбекова Жібек, Алматы қаласы, Ладушкина  көшесі, 13-үй, Ерболат Хайрушев, БҚО, Аксай каласы, Молдалиева Сәуле Махамбетқызы, Шымкент қаласы, М/Р  Отырар,  №58, Асылхан Торғайбек, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы,  Әулиекөл ауылы, Сағидуллаева Жанар, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, мұғалім, Клара Нұрпейісова, ШҚО, Көкпекті ауданы, Самар ауылы,  көпбалалы ана, аудандық «Жұлдыз» газеті, тілші, Ермек Құрманғалиев, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Байжігіт көшесі  №39, Темурзинов Серік, СҚО Қызылжар ауданы, Шахау ауылы, Торбаева Феруза Мелдеханқызы,  СҚО Қызылжар ауданы, Шахау ауылы, Рияпова Толқын Алпысбайқызы, СҚО Қызылжар ауданы, Шахау ауылы, Жораев Абай Жаңбырұлы,  СҚО Қызылжар ауданы, Шахау ауылы, Торбаев Шәріпхан  Қалмомынұлы,  ОҚО, Шұбарсу ауылдық мекені, Бралин Серік, СҚО, Қызылжар ауданы, Шахау ауылы, Қалмурзин Берік, СҚО Қызылжар ауданы, Шахавское ауылы, Халиков Ғалым, СҚО, Қызылжар ауданы, Шаховское ауылы, Суханберлин  Ерік, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құрылыс ауылы, Б.Алманов мектебі,  Информатика пәнінің  лобаранты, Әсия Жұлдызбаева, Шымкент, «Билайн»  центр  қызметкері, Зира Жетібайқызы Наурызбаева, Астана, Мұстафин к, 7/2, 28 п., мәдениеттанушы, «Otuken.kz»  сайтының модераторы, Егінбаева Жанат Айтуарқызы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Петровка ауылы, Петровка орта мектебі мұғалімі, Астанакулова Ләззәт Нұрланқызы, Астана қаласы, балабақша  тәрбиешісі, Кереев Марат Ұлықпанұлы (27.03.1967 ж.), Орал қаласы, Алматы көшесі, 109/1 үй, 13 В пәтер, КСК «Еламан» сантехник, Тұрымбетова Фатима, Шымкент қаласы, М/Р Спартивный, № 2/15, зейнеткер, Роза  Баймағамбетова, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Жастар көшесі, №42, зейнеткер ұстаз, Көлбаева Әмина Уәлиханқызы, Шымкент қаласы,  «Алтын босаға KZ» журналы,  журналист, Тәукебаев Ерқанат Тұрсынжанұлы, Қарасай ауданы, Алғабас ауылы,  «Жаңақұрылыс» тау-кен компаниясының геологы, Кенішбаев Қайрат Сайдоллаұлы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Қазыкенова Сандуғаш, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Аязбаев Өркен Нұргазыұлы, Алматы облысы,  Қарасай ауданы, Балдәурен көшесі №15, Халилова, З.С., Алматы облысы,  Қарасай ауданы, Алтынсарин көшесі №75, Айымбетова Зухра, Жамбыл ауданы, Қарғалы елдімекені, ата-ана, Алматов Бауыржан, Алматы облысы Қарасай ауданы, Досжан Тоқтарұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ магистранты, Абзал Алмұхан, БҚО, Жаңақала ауданы, Маштексай ауылы, С.Меңдешев атындағы  ЖОББМ, география, биология пәні мұғалімі, Қосжанова Балауса, БҚО, Жаңақала ауданы, Маштексай ауылы, С.Меңдешев атындағы ЖОББМ, ағылшын тілі пәні мұғалімі, Исмурзаева Гүлзада,  Атырау қаласы, Қожабаев Талант Қожабайұлы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қанат Мағзиев, ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп орта мектебiнің мұғалімі, Қазбек Құттымұратұлы, Орал қаласы, журналист, «DANAkaz» журналының бас редакторы, Айшуақ Дәрменұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Жанзақова Алмагүл, Ақмола облысы, Целиноград ауданы,  Ақмол орта мектебінің мұғалімі, Малай Алтынгүл,  Екібастұз қаласы, 21 ЖОББМ, химия пәнінің мұғалімі, Меруерт Мұсаева, Шымкент қаласы, мұғалім, Несіпкүл Өтебаева, Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның  қазақ тілі пәні мұғалімі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ысқақова Света Полатқызы, Түркістан қаласы, Молда Мұса атындағы ЖОМ, Дүйсенбеков Жарас, Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы Екпінді ауылы, Ысқақов Мақсат Ғаниұлы, Түркістан қаласы, Молда Мұса атындағы ЖОМ, Шамгунова Жазира Анжанқызы,  Алматы қаласы, №84 жббм, ағылшын тілі мұғалімі, Нұрманова Ләйлә Сайынқызы, Астана қаласы, бастауыш сынып мұғалімі, Есендікова Гүлдана, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Кенжебаева Динара Қыдырбайқызы, Орал қаласы, М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, Майра Тасболат, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, №235 орта мектеп мұғалімі, Төлегенов Дастан Назарбайұлы, Жамбыл обл, Шу қаласы, Ғ. Мұратбаев ОМ  қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары, Қарбаева Ботагөз, Астана каласы, бастауыш сынып мұғалімі, Наурызбаев Құрбан Қатренұлы, Жамбыл ауданы, Қазыбек-бек ауылы, Уәлиханов көшесі, №5 үй, ата-ана, Исмайлов Базарбай Исмайылұлы, Шымкент облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, ата-ана, Қоңырбаева Сараш Сахиқызы, Алматы облысы, Алматы қаласы, ҚазМемҚызПУ, Нұркен Аманжолов, ИП, Алматы, Таугүл 50-15, Күләш Сағатова,  Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы, Зейнеткер ұстаз, Дәурен Ақсақалов Уәлиханұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Қали Тілепберген, Жаңаөзен қаласы, мұнайшы, Таубаева Құралай Мұхтарқызы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, «Апорт» Молл, Мазақбаева Айгүл, Ақтау қаласы, есепші, Байдолда Фестивал, Екібастұз қаласы, Атығай ауылы, музыка пәні мұғалімі, Бердиғожин Бейсенбай, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 21 мектеп-гимназиядан, Хамзина Айгерим, Орал қаласы, Имбетова Гуларе, Алматы облысы, Талғар қаласы, Кеңдала ауылдық округінің тұрғыны, Мамбетниязова Бану, Алматы облысы, Іле ауданы, Ынтымақ ауылының тұрғыны, Асқарова Ақерке, Алматы облысы, Алатау ауданы, № 26 мектеп мұғалімі, Мамутова Гаухар, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Сатпаева көшесі №26, дәрігер, Жарасбаев Мұхан, Алматы облысы, Іле ауданы, КАЗЦИК ауылы, ата-ана, Әуесханова Самал, Алматы облысы, Бесмойнақ ауылы, мейірбике, Өмір Хатира, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, кіші мейірбике, Орманова Орал, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Калибаева Салтанат, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылы, кіші мейірбике, Бараханова Дүйсенгүл, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, кіші мейірбике, Алпысбаева Индира, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, кіші мейірбике, Төлепбаева Бақытгүл, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, кіші мейірбике, Әділов Алпамыс, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарасу ауылы, Жеткергенов Ақылбек Қазиханов, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылы, Әділова Марияш, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қайназар ауылы, Нағымбаева Жансая Абайқызы, Алатау ауданы, Шаңырақ-2, Жамбыл ауданы, Қайназар ауылы №1 мектеп, Исабекова Гүлнар Аждарқызы, Қызылорда қаласы, ағылшын тілі мұғалімі, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің зейнеткері, Хусайнова Меруерт, «Жас Алаш» газетінің журналисі, Орынбасарова Салиха, ОҚО, Шымкент қаласы, жеке кәсіпкер, Сейтқалиев Жұлдызбек Қаратайұлы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай орта мектебі, физика және информатика пәні мұғалімі, Тоқтар Жақаш, Алматы, журналист, Мейрамгүл Шырбанбайқызы, Алматы,  № 195 мектеп, Қазақ тілі мен әдебиеті маманы, Гүлмира Тұрышева, Алматы қаласы, № 195 мектеп ұстазы, Сабыржан Байбосынов, «Fakt-Ақиқат» газетінің редакторы, Шымкент қаласы, «Ынтымақ-2», участок-700, Қаншайым Байдәулет, Алматы қаласы, «Айқын» газеті, журналист, Ғабит Жәлижанұлы Кәдірбаев, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы,  №94 мектептің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі, Ахметбаева Жанар Кашепқызы, Алматы қаласы, №7 жалпы білім беретін мектеп, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Шәріпов Қайрат Талғатұлы, ШҚО, Аягөз қаласы, ұстаз, Дана Рау, Павлодар облысы, ұстаз, Сүлеев Сұлтан, Алматы қаласы, № 47 мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Әблеметов Рахымжан Есенбекұлы, Қызылорда, Жаңақорған,  Әбдіғаппар ауылы 213 жббм мұғалімі, Ақсақалов Дәурен, Оңтүстік Қазақстан, мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі мен əдебиеті бөлімінің бітірушісі, болашақ мұғалім, Кереев Марат Ұлықпанұлы (27.03.1967 ж.),  Орал қаласы, 5 ықш. 1 үй, 82-пәтер, Ғанибет Ғалымбекұлы, журналист, Тәжова Шолпан Әмірқызы, Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы, № 6 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі, Сабыржан Тайфин, Қостанай облысы, Рудный қаласы, Алдаш Рысмағанбетов, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, Ермек  Мұрымбаев, Семей қаласы, № 38-мектеп-лицей, Мұхитбек Сандыбаев, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, КазСтройСервис АҚ  слесарь-сантехник, Шәріпов Қайрат, ШҚО, Аягөз қаласы, №38-мектеп-лицей, Қажыбаева Асел, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылы, ағылшын тілі ұстазы, Ағиев Меңдібай, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы қызмекші, Нұрдәулет Шаймұратұлы, Астана, Eurazia Ulltik Universiteti, Әбутәліпұлы Олжас, Кызылорда облысы,  Шиелі ауылы,  М. Әуезов көшесі  № 8 үй, Ақбай Айбар, Алатау  ауданы,  Шаңырақ № 2, Жанқожа батыр көшесі №85 үй, Нұрланқызы Ақбота, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылы, Рысқұлбеков көшесі №15 үй, Мырзаханов Ерсұлтан Керімханұлы, Алматы қаласы,  А.Байтұрсынов көшесі,  №14, 18 пәтер, Нарбутаева Зәуре, Шымкент қаласы,  8-март көшесі,  № 37 «A», Нарбутаев Асан, Шымкент қаласы 8-март көшесі,  №37 «А», Теңізбаев Шыңғыс Әбубәкірұлы, Қалқаман, Қара кемер, Буитова Айсұлу Бағдатқызы, Алматы  қаласы, Крымская көшесі №2, Ақпанова Айгерім Ерболатқызы, Алматы қаласы, Ульянов көшесі, №8 үй, Ардақ Әділбаев, Алматы қаласы, Бауыржан Карипов, Алматы қаласы,  журналист, Алмас Жұмағали, Алматы, заң ғылымдарының кандидаты, оқытушы, Сәрсетов Абай, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Үргенішбаев атындағы орта мектебі, музыка жетекшісі, Элвира Меңдіғалиева, Орал қаласы, Әлмұханов Бей-Ғасыр, Орал қаласы, жеке кәсіпкер, Ертай Мұратқан, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Қазақмыс корпорациясы, Құрбанбекова  Күмісай, Алматы облысы  ата-ана, Нұрылдаев Ғабит Жұмаділдаұлы, БҚО Орал қаласы, Ержан Тәліп, Шымкент қаласы, Жабаев Спандияр Мақсұтұлы, ОҚО Түркістан қаласы,  ХҚКО, Сергебаев Амангелді Бектұрсынұлы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Достық №16, Дүзелбаева Айгүл  Орынбайқызы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Бабажанова көшесі №10, Бердімбетов  Нұрлан  Мұратбайұлы, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Бабажанова көшесі №10,  Сұлтанбаев Мұрат  Есенұлы, Астана қаласы, құрылысшы, Жанна Иманқұл, Алматы қаласы, «Жалын» журналы, журналист, Дәурен Қуат,  «Abai kz»   ақпараттық порталы, бас редактор, Сағидуллаева Айман, Алматы облысы,  Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылындағы орта мектеп мұғалімі.  Abai kz