Білім министрлігіндегі жалғасып жатқан жанжалдар басқарудың қатты дағдарысы мен сынның әділдігін растайды
А.Сәрінжіповқа қатысты тексеруді тоқтату туралы ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдемесіне байланысты А.Перуашевтің түсініктемесі
А.Сәрінжіповқа қатысты тексеруді тоқтату туралы ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдемесіне түсініктеме беруді сұраған журналистерден түсіп жатқан өтініштерге байланысты келесіні хабарлаймын.
- ІІМ-нің бұл шешімі көрсетілген мәселе бойынша менің ұстанымыма қарама-қайшылықтан емес, керісінше СӘЙКЕСТІКПЕН қабылданды. Мен тіпті а.ж. 8 шілдесінің өзінде бұрынғы өтінішімді (хат тіркеледі) қараусыз қалдыруды және кері шақыртып алуды сұрап, ҚР Бас прокурорына хат (№ 10-11-902) жіберген болатынмын.
Бірінші хатта Сәрінжіпов мырзаның айтқандарына құқықтық баға беру туралы мәселе қойылғанын еске саламын, ондағы пікірталас жеке қатынастар арнасына қарай ауыстырылып жіберілді. Алайда даудың шын себебі білім министрлігінің қызметіндегі кемшіліктер, атап айтқанда – Президенттің мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту (2011 жылдың 17 сәуірінен) туралы тапсырмасын және Білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасының орындалмауы болатын.
Пікірталасты даудың әдепкі мәніне оралту мақсатымен мен мәлімдемемді кері қайтарып алу шешімін қабылдағанмын, соны ІІМ белгіленген тәртіппен тіркеп отыр.
- Менің мәлімдемемді кері шақыртып алу Білім министрі ретіндегі А.Сәрінжіповтің жұмысына кінә қоюымыздан ешқандайда бас тартуды БІЛДІРМЕЙДІ. Ал бұл ведомстводағы жалғасып жатқан жанжалдар мұндай сынның әділдігін тек растай түседі.
«Ақ жол» ҚДП фракциясы салалық мемлекеттік бағдарламаның орындалмауы мәселелерін ғана емес, сонымен қатар білім жүйесіндегі бопсалаушылық және жемқорлық, оқу сапасының деградациясы, оқулықтардың сапасы мен санына кінәраттар, мемлекеттік білім гранттарын бөлу әдістемесіндегі сәтсіздіктер және т.б. проблемаларды көтергенін еске сала аламын.
ҚазҰУ-де анықталған студенттерді оқытуға ақы төлеудегі қаражаттарды ұрлау жүйесі (мүмкін, тек бұл ЖОО-дағы ғана әрекет емес шығар); аймақтарға оқулықтардың кезекті рет жетпеуі, БҰТ қорытындылары бойынша гранттарды бөлудегі жанжалдар және т.б.,
аталған саладағы басқарудың қатты дағдарысын айғақтайды.
- Сондықтан парламенттік каникул аяқталғаннан кейін «Ақ жол» фракциясы аталған министрлікпен өз міндеттерін толыққанды орындауды талап етуін жалғастырады. Бұл үшін Парламентте барлық қажетті өкілеттіктер бар, мәселен, депутаттардың қарауында «Білім туралы» заң жатыр, білім министрлігі оған өзгерістер енгізу арқылы білімнің Мемлекеттік бағдарламасының талаптарын орындауды неғұрлым кейінгі кезеңге көшіруді заңдандыруға тырыспақ.
«Ақ жол» фракциясы оларды бұрынғы белгіленген мерзімдерде толық орындалуын талап ететін болады.
- Сонымен қатар Білім министрлігін және А.Сәрінжіпов мырзаны министр ретінде сынау, біз үшін аясы тар мақсат болып табылмайтынын атап өтуді қажет деп санаймын.
Парламенттегі жұмыс кезеңінде «Ақ жол» фракциясының дәлелді және жариялы сынына көптеген министрліктер мен ведомстволардың, мәселен, Индустрия және сауда министрлігінің, қаржы министрлігінің, экономика министрлігінің, ауыл шаруашылығы министрлігінің, төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің, ішкі істер министрлігінің, көлік және коммуникациялар министрлігінің, туризм және спорт министрлігінің, кедендік және салық комитеттерінің, Ұлттық банктің, ұлттық компаниялардың және тағы басқалардың жұмысы ұшырады.
Бұл – қалыпты парламенттік жұмыс, өйткені парламенттік партияның мәртебесі қажетті өкілеттіктерді білдіріп қана қоймайды, және де бізді
мемлекеттік бағдарламаларды және Мемлекет басшысының тапсырмаларын мүлтіксіз орындауды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы есепті болуын талап етуді тікелей міндеттейді. Б
із көрсетілген бағыттағы жұмысымызды жалғастыра беретін боламыз.
Құрметпен,
Азат Перуашев.
2015 жылдың 17 тамызы,
Астана қаласы