Талғат Қазанғап - Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы
2015 ж. 26 шілде
3254
3
Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы болып Талғат Қазанғап тағайындалды.
Қазанғап Талғат Болсынбекұлы 1980 жылы туған. 2001 жылы ҚР ІІМ академиясын «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын тәмамдап, «юриспруденция магистрі» мамандығын алған. Әр жылдары ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі прокуратурасы институты сот қаулыларының және атқарушылық өндірістің заңдылығын прокурорлық қадағалау бөлімінің аға прокуроры, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2012-2014 жылдары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Әкімшілік-басқару аппараты заң бөлімі бастығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ішкі әкімшілік және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры. 2014 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі, Ақпарат департаментінің директоры лауазымына тағайындалды. 2014 жылдың қазан айынан ҚР инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, төраға міндетін атқарушы қызметтерін атқарады.