«Мәңгілік Ел» Халықаралық фестивалі
2015 ж. 22 шілде
2373
0
Ұлы дала заманында көптеген Ұлы тұлғаларды өмірге әкеліп тәрбиелеген және қазіргі заманды дала кемеңгерлері мен батырларынсыз елестету мүмкін емес. Ұлы даланың абыройын көкке көтерген, көшпенділер мұрасының даналығын әлемдік тарихқа енгізген, Ұлы Ұлыстардың құрушылары аталарымыз болған. Бүкіл әлемге атақты, Сақ заманында Тарғытай, Мәди, Тұмар ханым, Сармат заманында Абақ, Шұғла, Едіге, Ғұн заманында Түмен, Мөде, Еділ, Түркі қағанатыны тұсында Бұмын, Білге, Істемі және Күлтегін сияқты Ұлы дала басшыларының соңғысы Шыңғыс хан.
Шыңғыс хан Ұлысынан кейін Елхан, Юань және Ұлы Ұлыс(Алтын Орда) Ұлы мемлекеттері болған. Алтын Орда ыдыраған соң Қазақ Хандығы пайда болды.Ұлы дала қолбасшысы Шыңғыс хан 2004 жылы ЮНЕСКО ұйымы тарапынан «екінші мыңжылдық адамы» деп танылған.
«Мәңгілік Ел» Халықаралық фестивалі – ортақ мәдениетімізді нығайту мақсатымен болашаққа бағытталған жарқын, жаңа жоба. Ұлтымыздың салт-дәстүрін, рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін дәріптей отырып патриоттық тәрбие беру арқылы тарихқа құрмет көрсетіп, ұлттық спорт ойындарын алға бастыру.
«Мәңгілік Ел» Халықаралық фестивалі Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналады.
«Мәңгілік Ел» халықаралық фестивалі – бұл бірегей жоба.
Фестиваль қонақтары бір-бірімен тығыз байланысты мерекелік іс-шараларды көруге, сонымен қатар қазақ халқы мәдениеті мен ата-баба салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы өмірімен бір уақтта және бір орында танысу мүмкіндігіне ие. Біздің фестиваль қонақтары өз қалаулары бойынша киіз үйде өмір сүре отырып, киіз үй тігу, терімен жұмыс істеу, күміс және ұршықпен жұмыс істеу, этно мәдениеттің көпқырлылығын сезіну мен қазақ халқы салт-дәстүрі және өмірі туралы біліммен нәрлену мастер класстарын көре алады.
Фестивальдың негізгі қағидасы – Біздің өткеніміз, қазіргіміз бен болашағымыз – бір бүтінге ұласады.
Фестиваль бағдарламасы кең көлемді аудиторияға арналған. Құрамында қолданбалы мәдениет, қолөнермен шұғылдану, ұлттық ойындар, жұлдызды концерттер, атты-спорттық және ойын-сауық іс-шаралары мен жарыстар сияқты мастер класстар бар.
Фестиваль девизі – Қазіргімен өмір сүре отырып болашақты жоспарлау, өткенді ұмытпау!
Өтетін орны: Алматы қ. Фурманов көш., 122, Қарасай батыр көш.ү қиыл.
Ұлттық Баспасөз клубы
Өтетін уақыты: 25 маусым 2015 ж.
Басталуы: 11.00
Қосымша ақпарат үшін байланыс телефондары: Адилмажинова С.Б. 8(7272)484862 , 484863,484864