БОЗЫМБАЕВТЫ БОПСАЛАУШЫЛАР ӘШКЕРЕ БОЛУДА…

10
4308

Дәл қазір өңір зиялылары Қанат Алдабергенұлына қолдау көрсетуі керек, одан шет қалуға моральдық құқымыз жоқ!

 

Қанат Бозымбаев Павлодар облысының басшылығына 2013 жылдың соңында экс-әкім Ерлан Арын  істі болып, өңірдегі саяси күштер екіге жарылып, бір-бірімен текетіреске түскен аса күрделі кезеңде келді.

Патшашыл-кеңесшіл топ  Қанат Алдабергенұлын   «ұлтшыл» Ерлан Мұхтарұлын   құртатын  тегеуірінді әкім ретінде қабылдады және  сол мақсатқа барынша пайдалануды көздеді. Бұлардың мүддесі жергілікті тәуелсіз орыстілді басылымдардан, республикалық «Рател кз», «Время», «Нұр кз» тәрізді порталдардан айқын аңғарылды.

Жергілікті журналист-«криминалистер» Ольга Воронько, Джамиля Маричева, Ярослав Голышкиндер экс-әкімге қарсы материалдарды үсті-үстіне боратып, сот үкімі шықпай тұрып-ақ оны құбыжық  кейпіне кіргізді!

Қ. А. Бозымбаев –  тәжірибелі технократ, мықты экономист, білікті қаржыгер, бірақ идеолог емес. Осы себепті шығар,  облыстың экономика саласын өзі қолға алып,  идеология саласын  тиісті жауапты тұлғаларға тапсырды. Әкім сенім артқан  шенеуніктер  кімдер еді?

Идеология бойынша орынбасары Арын Орсариев  білімді азамат, бір кемшілігі – орыстілді,  орысша ойлайды, орыстілді ортаның көңіліне қарайлады. Оның осы осалдығын шовинистік, нигилистік пиғылдағы белсенділер өз пайдасына жарата білді…

Облыс ішкі саясат басқармасының басшысы Бауыржан Капенов       патшашыл-кеңесшіл топ «нацпат» деп ат байлап, айдар таққан қазақ зиялыларына кірпідей жиырылады.  Керісінше, орыстілді белсенділерге мырзалық танытты.  Мәселен, өткен жылы «Невада-Семей» қозғалысының   мерейтойлық медалын өзімен достық қарым-қатынастағы   Юрий Павленкоға,  т.б. бергізді,  шенеунік басымен  өзі де иеленді!..  Сөйтіп,  Б. Капенов  мемлекеттік қызмет әдебі мен ар-намыс кодексін «қонышынан»  бір-ақ басып,  қозғалыстың нағыз белсенділерін лақтырып кетті!

«Құқыққорғаушы» кейпіне енген  атышулы Ю. Павленконы   жақсы білеміз:   оның 1990 жылдары «Славия» қозғалысының белсендісі ретінде Ермак қаласының атауы мен атаманның  мүсінін қорғап  қалу үшін күрескені,  Павлодардағы Тургенов көшесі атауын Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың атына өзгертуге табанды қарсылық көрсеткені,  бертін  ҚХКП облыстық филиалының белді өкілі ретінде  коммунистік идеологияны жүргізуге белсене атсалысқаны – жадымызда…

Қанат Бозымбаевтың Тараздан өзімен бірге ала келген баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов   экс-әкімді БАҚ-та барынша қара бояумен көрсеткен О. Воронько мен Д. Маричеваға астыртын қолдау көрсетіп, көтермелегені байқалды…

Идеология  босаңсыған өңірде экономика  тастай болушы ма еді?..  Осы саланы Қанат Бозымбаевтың өзі қолға алғанымен, алаңсыз жұмыс істеуіне  қолайлы жағдай  орнамады. Экс-әкімді «қара есекке теріс мінгізіп» жіберген  «Версия» газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин және басқалар енді Қ. А. Бозымбаевтың өзін бопсалауға көшті! «Әкімнің ұлы қыз зорлағаны жайында бейнематериалымыз бар, 500 мың доллар (!)   бермесе, ұлын абақтыға қаматып, өзін отставкаға жібертеміз!!!»  деген сыңайда хабар салған.   Бірақ әкім мықтылығын танытып, бопсалаушылардың  өздеріне қарсы әрекет жасады, іле Нұржан Нұрбаев пен Ярослав Голышкиннің  үстінен қылмыстық іс ашылып, екеуі де тұтқынға алынды. Басқаларының іс-әрекеттері тексерілуде.

Қ.А. Бозымбаев сөйте тұра, қызмет құзіретін пайдалану арқылы құқыққорғау органдарына ықпал етуге әрекеттенген  жоқ. Керісінше, заңды құрметтейтінін танытып, тергеу амалдарының қорытындысын күтіп отыр.

Осы  оқиға       «Central Asia Monitor» порталында ( «Бандитский Павлодар»), «Жас Алаш» газетінде («Бозымбаевты бопсалағандардың қатары көбеюі мүмкін»)  жан-жақты баяндалған. Енді сот үкімін күтеміз, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері тиісті жазасын алады деген үміттеміз.
Айта кететін бір жайт, Ерлан Арынның тағдырына  араша түскен  жергілікті шығармашылық адамдары,  ғалымдар, тіл жанашырлары тобы  бастапқыда Қанат Алдабергенұлына  бір күдік, бір үмітпен зер салып, назарын өңірдегі ұлттық проблемаларға бұруды көздеді. Тіпті сынауға дейін барды. Бұл жағдай  негізінен қазақтілді басылымдардан көрініс тапты.

Дегенмен, әкім  ұлттық мұрат-мүддеге мүлде мойын бұрмады деуден аулақпыз. Өзі қазақ тілінде жатық сөйлемесе де,   ресми жиналыстарды қазақша жүргізуге мән берді, ұлты қазақ лауазымды тұлғалардан қазақ тілінде сөйлеуін талап етті! Бұл орайдағы батылдығы, тіпті, Ерлан Мұхтарұлынан асып түсті!

  Егер жергілікті қазақ зиялыларымен кездесіп, ұлттық мұрат-мүддеден туындаған проблемаларды бірге талқыласа, өз ұсынысын айтса, солардың құрметіне бөленіп, есімі айрықша әспеттелер еді! Мұндай кездесулерді идеология бойынша қазіргі орынбасары Ғани Сәдібеков ойдағыдай ұйымдастырып жүр.

Қалай десек те, кеңестік Т-34 танкісі, Аймауытов ескерткіші, «Россия» қонақ үйінің қирандысы, облыстың логотип таңбасы, патшазада Романовтың 155 жылдығы төңірегіндегі даулы мәселелер Қанат Бозымбаевтың  арқасында  қазақ зиялыларының пайдасына шешілді!

Рас,   Бауыржан Капеновтың теріс  қылықтары жөніндегі Ашық хатыма жауап берген жоқ.  Сол шақта  көңілге кірбің түскенімен,  Қанат Алдабергенұлы облыста кімнің кім екенін енді ғана біле бастады ғой деген оймен өзімді-өзім жұбатамын. Әйтсе де, Павлодарда   ұлттық мәселелер бойынша кез келген уақытта дау туындауы әбден ықтимал деген ойдамын. Өйткені, қаланың әкімінен бастап, орынбасарлары да, бөлім меңгерушілері де жаңадан келгендер. Қалада кімнің кім екенін жетік білмейді. Бұрын әкімнің орынбасары болып істеген Айым Қанафина тәрізді тәжірибелі, мықты идеологты көре алмай тұрмын.

..Министрлер, әкімдер дау-дамайға ұрынып жатқан қазіргі кезеңде облысты басқару оңай емес екенін түсінеміз. Енді Қанат Алдабергенұлы қазақ зиялыларына  сенім артса болады.   Ал баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов көтермелеген, Ерлан Арынды өршелене сынаған Ольга Воронько мен Джамиля Маричева дәл солай Ярослав Голышкинді сынауға құлықсыз сияқты…

Әкелі-балалы Василий мен Ярослав Голышкиндердің иелігіндегі «Версия» газеті редакциясы тіпті мектеп мұғалімдерінің де беделдеріне нұсқан келтіретін материалдар жариялап, өздеріне қоқан-лоқы көрсетсе де, мұны  орыстілді басылымдар тігісін жатқызып баяндауға тырысуда! Әйтеуір, Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетініде (№67, 23 маусым, 2015 жыл) осы оқиға жөнінде қысқа да нұсқа ақпарат берілді.

Дәл қазіргі осындай жағдайда  қазақ зиялылары Қанат Алдабергенұлына қолдау көрсетуі керек! Өйткені, облыс әкімі мен оны бопсалаушы қылмыстық топтың тартысына немқұрайдылық көрсету зиялы қауымға жараспайтын қылық. Оқиға біздің өңірде орын алып отырғандықтан, одан шет қалуға моральдық құқымыз жоқ!

  Арман ҚАНИ,

  Павлодар қаласы

  «Қазақ үні» газеті

  qazaquni.kz

10 ПІКІРЛЕР

  1. Азаматхан Амиртай Жамбыл облысында болған кезде қазақтың жiгiттерi жұмыс iстеп жатқан жерiнен жобаны тартып алып, орыстарға берген едi. Бұлар қазақтан көрi орыстарға көбiрек сенедi.
    Негiзi Осы әкiмлердi халық сайлау керек деп ойлаймын!
    Не нравится • Ответить • 3 • 29 Июнь в 15:18 • Отредактировано

    Багдат Самидинова • 509 общих друзей
    Жамбыл облысының Канат Бозымбаевқа өкпесі жоқ. Әлі күнге дейін іздейді жиі еске алып тұрады . Акім ретінде адал да іскер бола білді коптеген істер атқарды . Кез келген адамды шұқылай берсе жамандык табуға болады , елдің арқа тұтар азаматтары бірігіп жанашыр болса алар асулары , шыгар биіктері әлі алда .Сондықтан ағайын, іріткі салмай бірігіп елдің ,жеріміздің болашағын ойлағандарыңыз жөн!
    Не нравится • Ответить • 4 • 29 Июнь в 15:28

    Маке Айдарлы • 45 общих друзей
    Павлодардың не пәлесі бар осы? Ерлан арынды ақсатты, енді Бозымбаев… Қарсы топтың кімнен күш алып отырғанын да шамалап білуге болады…
    Не нравится • Ответить • 2 • 29 Июнь в 18:25

    Барша Барша • Дружит с Нұрлан Иса и еще 9
    Әй….. Павлодар жаман емес. …. койндар ренжимин.) )))
    Нравится • Ответить • 29 Июнь в 23:32

    Азаматхан Амиртай Мемлекеттiң қызметкерлерi өздерiн байыту емес халқына қызмет етудi мақсат қойғанда ғана бақытты өмiр сүре алады. Қазақта ұрлық түбi қорлық дейдi. Қандай жағдай болсын, қай кез болсын ұрлық жасаған адам халық алдында жауап бередi – ол өмiр заңы. Бiздiң …Еще
    Нравится • Ответить • 1 • 1 Июль в 15:49

    Рахимжан Рахметов • 3 общих друга
    Қанат Алдабергенұлына бiлiктi басшы. Оз хотырын ози каси алады.
    Нравится • Ответить • 1 Июль в 21:20

  2. Азаматхан Амиртай Осындай жағдайдан кейiн қалай халық басқаруға болады?
    Нравится • Ответить • 2 • 29 Июнь в 2:39

    Дарига Муштанова • 103 общих друга
    Әй, қайдам… Жетімді жылатқаны рас болса, көз жасы жібермес. Шулатып қойып «әліптің артын бағып» отырып алғаны түсініксіз.Ақтап, араша түсушілерге де енді сене қою қиын.
    Нравится • Ответить • 1 • 29 Июнь в 3:01

    Махамбет Ерғали Дұрыс, Қанат Бозымбаевты қолдау керек. Ал Идеологиялық салада Арын Орсариев, Бауыржан Капенов, Асқар Жалдинов сияқты орысқұлдарды не үшін ұстап отыр, осындай қиын кезеңде қолдарынан түк келмесе, әкімді қолдай алмаса, облыс халқының сенімінен шығып қалса
    Не нравится • Ответить • 1 • 29 Июнь в 3:18

    Ләйлім Кәмел Тегі Жетімді қорласа, заңға бағынып, тиісті жазасын алған болар. Оны осыншама дауырықтырып шулатудың қажеті қанша? Ол Бозымбаевтың баласы болғаны ушін, бәрі тырнақ астынан кір іздеуде. Жай біреу болса, тақырып былай өрбімеуші еді. Әкесі баласына, осындай тә…Еще
    Не нравится • Ответить • 3 • 29 Июнь в 10:42

    Сугирбаи Нурманов Қазақстанның Сол.Қаз, Қостанай, Павлодар облыстарының халқы орыстар жəне орыс тілділер екенін ескерсек, бұл облыстардың əкімдеріне «арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей»саясат, басқару жүргізу оңай емес. Ал енді мақалада Павлодарлық орыс тілді тұрғ…Еще

  3. Арын Орсариев, Бауыржан Капенов, Асқар Жалдинов орысқұлдарын қара тізімге кіргізіп, келешек ұрпақтарға жеткізу қажет. Мысалы, қазақтың ұлы ойшылы Шәкәрімді азаптап өлтіріп, құдыққа тастаған жауыздың аты жөнін білеміз.Бұлар құдайдан қорықпаса да, халық қаһарынан, өзі де, ұрпақтары да қорқатын болсын.Павлодар орыстырының ертеден шовинистері басым. Павлодардың дүние жүзіне даңқты тұлғасы академик Сәтбаевқа үш жыл дегенде бір көшеге атың әрең берген.Сондағы қарсы болған журналистер кім болды екен? Орыс журналистері қазақтың өзекті мәселелерін , тұлғаларын қаралауға келгенде алдарына жан теңгермейді. Қазатомпромның білікті басшысы Мұхтар Жәкішевті орыс әйелі (атын ұмытып тұрмын) журналист қайта – қайта қаралап, ақыры орнынан түсіріп, соттатып тынды.Оны қорғайтындар болмады. Стратегиялық маңызды өндірісіміз Ресейге тәуелді боп қалды. Қанат Бозымбаев та сол Мұхтардың жолын қуып жүрмесін, сақ болуы керек, орыс шовинистері мен олардың итаршыларының құрған қақпанына түсіп қалмауы керек.

  4. Оқиғалардың бас-қасында жүрмесем де, Керекулік болғандығымнан төмендегілерді айтқым келеді. Білетіндеріме қысқаша тоқталсам.
    1 Б.Қапенов жөнінде. Бұл А.Қани айтқандай, қазақылыққа, қазақ тілінің өркендеуіне қарсы жұмыс атқарып отырғандардың бірі екеніне нақтылы дәлелдерім бар. Айтпақшы 1987ж. постаментке қондырылған Т-34 танкіге қапелімде былтыр, Керекудегі Ирбис ТВ (негізінен орыстық бағыттағы канал) менен қазақша сұхбат алып (бар онда ұлттық мүдде жат емес, қазақ тобының жастары), бастары пәлеге қалған, Б.Капеновтың: Бейсенбай тегін неге эфирге жібердің дегенінен. Айтқаным, бар болғаны, орыстілді БАҚ жазғандай, танктің 41-45жж. соғысқа еш қатысы жоқ, бұл керісінше, сссрдің желтоқсаң саңлақтарына керсеткен сесі деп. Және ешқашан айтпай кетілмейтін шаруа, қазақ тілінің ахуалы….
    2 Аталмыш газеттің, және басқа орыстілді Кереку басылымдарының ылғи да ұлт құндылықтарына (тіл, елді мекен, көше атауларын өзгерту, т.б.) қарсы болып отыратынына да сол газеттегі мақалалардың өзі дәлел. Павленко туралы да, өтірік айтылған болса соттан айналып өтпейтінін білетін, аяғын ептеп басатын автор жала айтып отырған емес.
    3 А. Канафинаның қай жағынан мықты идеолог болғандығын білмей отырмын. Мәдениет басқармасы бастығы болып отырғанда кездескеміз. 2 мәселенің біреуімен, нақтылы есімде жоқ, қайсысы екені, не М.Шаханов ағамыз келмекші болғанда, не желтоқсанның 25 жылдығын атап өтпекші болып, ғимарат сұрағанымда. Орыс тілінен бір таймай, (оны да тыс қалдырған жоқпын)))), сен кімсіңнен бастап, қуып шыққандай болған. Кейін, әулеметтік істер жөнінде орынбасар кезінде де, тіл үшін іштегімді буып қойып, бірнеше рет баруға талпынсам да, бір рет те қабылдаған жоқ..

  5. Қазақстанның Сол.Қаз, Қостанай, Павлодар облыстарының халқы орыстар жəне орыс тілділер екенін ескерсек, бұл облыстардың əкімдеріне «арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей»саясат, басқару жүргізу оңай емес. Ал енді мақалада Павлодарлық орыс тілді тұрғындардың қазақ басшысына амалсыз көніп, көнгісі келмегені астыртын əрекеттерге барып отырғаны байқалады.Бұл нені көрсетеді? Яғни осындай көзқарас, басқа да іс -қимылдарды болдырмау үшін мемоекеттік тілдің қолдануын күшейту керек.Мем.қызметке қазақ тілін білмейтіндерді алуды тоқтату керек.қызметке қазақша білетін барша ұлт өкілін қабылдасақ.Сонда орыс тілділер менің құқымды бұзып жатыр дей алмас.Қанаттардың біздің қоғамға берер күш қайрат, жігерін осы кезеңде пайдаланып қалмасақ дұрыс болмайды.Осындай азаматтарды қолдап əр өңір халқы «тырнақ астынан кір іздемей» қолдауы қажет.

  6. Арман аға! Сіз дер шағында орынды ұсыныс көтердіңіз! Қазаққа қазақтың ғана жаны ашиды! Өз басым сізді қолдаймын! Қазақ зиялылары бұғып қалғанда, елді ерлікке, тұтастыққа шақыратын азаматтың үні қажет еді… Сол сіз болар деп ойлап едім, үмітім алдамапты.

  7. Идеологиялық салада Арын Орсариев, Бауыржан Капенов, Асқар Жалдинов сияқты орысқұлдарды не үшін ұстап отыр, осындай қиын кезеңде қолдарынан түк келмесе, әкімді қолдай алмаса, облыс халқының сенімінен шығып қалса

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз