ҚАЗАҚША ғана сөйлейтін ҚАЙРАТ НҰРТАС НЕГЕ ШЕТ ТІЛІН – РЕСЕЙ ТІЛІН БІЛУІ КЕРЕК?!.
2015 ж. 22 маусым
9029
31
Ғаламторда Adam Xazar есімді қолданушының Қайрат Нұртасты «Мәмбет» деп атауы үлкен шу тудырды.
Qamshy.kz сайты аталған қолданушының Қайрат Нұртас жайлы әлеуметтік желіге қалдырған жазбасын жариялады.
«Орысша екі сөздің басын құрай алмаса да, Муз ТВ жүлдесіне лайық деп танылған колхозшы Омбыны қазақтың қаласы дейді. Бұл мәмбет Ресей көшпелі халықтармен шекарада қала салып жатқанда, өзінің ата-бабасы ен далада қой бағып, қала салу ойында мүлде болмағанын білсе ғой…», — деп жазады қолданушы.
Әзірге, Adam Xazar-дың кім екені белгісіз. Ал желі қолданушылары «Мәмбет» сөзі Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) есімдерінің бірі екенін ескертуде.
Еске сала кетейік, Қайрат Нұртас Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген Муз ТВ арнасының жүлдесін ұтып алған болатын. Одан бөлек, өткен жылы Омбы қаласында өткізген концерті кезінде ол Омбыны қазақтардың қаласы деп атаған.
Источник: Nur.kz