Атырау қаласының бұрынғы әкімі: Енді мемлекеттік қызметке бармаймын
2015 ж. 22 маусым
1861
1
18 маусымда Атырау облыстық апелляциялық соты «Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ» қылмыстық ісі шеңберінде сотталған облыс әкімі аппаратының бұрынғы басшысы әрі бұрынғы қала әкімі Асқар Керімовті шартты-мерзімінен бұрын бостандыққа шығарды.
Естеріңізге салсақ, Керімов мемлекеттік нысандарды заңсыз жекешелендіруге байланысты эпизод бойынша сотталған еді.
Ол 3 жыл ішінде мемлекеттік лауазымда жұмыс істеу құқығынан айыру, мүлікті тәркілеумен бірге жалпы режимдегі колонияда 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған болатын.
Атырау қаласының бұрынғы әкімі өзін ешқайда этаппен жібермегенін, барлық уақытын тергеу изоляторында өткізгенін айтты.
Әңгіме лауазымда емес, белгілі бір әрекеттерді жасауда. Атап айтқанда, шенеуніктер үшін бұл бірінші кезекте құжаттарға қол қою«Иә, мені тергеу изоляторында қалдырды, ешқайда этаппен жіберген жоқ. Бұл жерде аз жаза мерзімін алған белгілі бір адамдарға арналған арнайы бөлімше бар. Сондықтан тергеу изоляторының басшысы оларды қалдыра алады. Негізінде мені құқыққорғау жүйесінің бұрынғы қызметкері ретінде Семейге түзету колониясына этаппен жіберуге тиіс еді (оларды басқа сотталушылардан бөлек ұстайды)», — деді Керімов.
Үш жылға жуық уақытын темір торда өткізген Керімов сүйікті қаласын көріп, қуанғанын айтады.
«Екі жыл және тоғыз ай болдым. Өзімді керемет сезінемін, бейімделіп жатырмын. Мен қаланы осы үш жылдай уақыт ішінде алғаш көріп отырмын ғой. Атырау әдемі болатын, қазір өзгеріп, одан сайын көркейе, көгалдана түсіпті. Оның үстіне біздің кезімізде отырғызылған ағаштар өсіп қалыпты», — дейді бұрынғы әкім.
Ол өзін жолы болғыш деп есептейтіндерге қатысты өз уәжін айтты.
«Мен осынау қылмыстық іс-әрекеттердің барлығына тікелей қатысқан жоқпын. Маған қатысты аппарат басшысы болып тұрған кезде жазған 2 хатым ғана болды. Оның бірі істе болмағанын еске салайын. Бұл хаттар жекешелендіру бойынша жасалған әрекеттерде шешуші рөл атқарған жоқ. Мен жеке өзім шешуші рөл атқарған жоқпын, комиссияға қатысқан жоқпын, құжаттарға қол қойған жоқпын. Тек хаттар бастамашылық, дәлірек айтқанда, ұсыныстық сипатта болды. Әңгіме лауазымда емес, белгілі бір әрекеттерді жасауда. Атап айтқанда, шенеуніктер үшін бұл бірінші кезекте құжаттарға қол қою», — деді Асқар Керімов.
Мен қаланы осы үш жылдай уақыт ішінде алғаш көріп отырмын ғой. Атырау әдемі болатын, қазір өзгеріп, одан сайын көркейе, көгалдана түсіптіСонымен қатар, бұрынғы әкім шенеуніктердің не себептен мұндай қылмыстық істерге жол беретінін де айтты.
«Қатты жұмыс істегіміз, орындағымыз, өзімізді көрсеткіміз келді. Өз жұмысымызды дәлелдегіміз келді… Бәрі үшін айта алмаймын, бірақ мен өзім тез игерсем, қойылған мақсатқа тез жетсем деп ойладым. Осынау жылдамдық (әкімдердің көбі осындай дертпен ауырады) біздің жұмысымызға аласапыран әкелді деп есептеймін. Тиісінше, құжаттар да ретсіз болды, нәтижесі — осы» , — дейді бұрынғы шенеунік.
Сотталған әкім енді ешқашан мемлекеттік қызметке бармайтынын мәлімдеді.
Источник: Ак Жайык