Қазақстанда интернет-полиция құру ұсынылды

Адвокат Жангелді Сүлейменов Қазақстанда интернет-полиция құруды ұсынды. Оның ойынша, қарапайым полицейлер хабарсыз қалып жататын көптеген қылмыстар желіде орын алуда.

venturebeat.com

Фото: venturebeat.com

Бұл туралы заңгер өз Facebook парақшасында жазған екен.

«Бізде криминалдық, қаржылық, жол, әкімшілік, әскери, тіпті әдет-ғұрып полициясы бар. Қазіргі күнде адамдар желіні белсенді пайдалануға көшкендіктен, мыңдаған түрлі қылмыстар интернетте орын алуда. Қарапайым мысал келтірейін. Бір бойжеткен жағдайының ауырлығын айтып, желі арқылы көпшіліктен көмек сұраған болатын. Ол шын мәнісінде алаяқ болып шықты. Қарапайым полицей мұндай интернет-қылмыстардан бейхабар жүреді», — деп жазды Сүлейменов.

Оның ойынша, осыған байланысты арнайы интернет-полиция құру орынды болмақ. Адвокат бұл салаға IT-мамандарды, психологтар мен лингвистерді тарту керек деп есептейді.

«Мұндай полицейлер көптеген қылмыстың бетін ашып, өзін күдікті ұстайтындар туралы айналасындағыларға ертерек ескерте алады. Көптеген қылмыскерлер өздерінің шынайы бет-бейнесін әлеуметтік желілерде пікір қалдыру арқылы білдіріп қоятыны да таңсық емес», — деп санайды заңгер.

Ол мұндай полицей кем дегенде бір адамның өмірін құтқарып, өзінің қоғамда қажет екенін дәлелдей алатынына сенімді.

Источник: Nur.kz