Айнұр Тұрсынбаева «Муз-ТВ» жүлдесін тапсыру рәсімінде қазақтың намысы тапталғанына сенімді
2015 ж. 11 маусым
5082
8
Белгілі айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева жұрт арасында үлкен дау тудырған Астанада өткен «Муз-ТВ» жүлдесі жайлы өз ойын Іnstagram парақшасында жазды деп хабрлайды NUR.KZ.
«Интернеттегi көп саясатқа араласқым келмейдi, жалпы.. Алтындарым, ауыр сөз есту кiмге оңай?! Бiзде де жүрек бар ғой… Маған Муз-ТВ-да неғып жүрсiз деп аузына келгенiн құсып жатқандар бар. Осыдан 2-3 жыл бұрын Арман Дәулетияров қазаққа жаны ашыса қазақтың ұл-қызын көтерсiн деп бiр пост жазған едiм… Соған орай шақырған соң бардым, Арман көтерiп жатқан қазақты көрген жоқпын, пiкiрiмдi жаздым..! Мен Ресей әншiлерiмен бiрге отырдым сол жерде! Сырт көзге жарқ-жұрқ етiп тұрды… Намыстың қаншалықты тапталғанын өз көзiммен көрдiм… Жiгiттердің неге қарсы болғанын ұқтым! Қазақтың дардай әншi жiгiттерi қайдағы бiр қызтекелерге суретке түсейiкшi деп жалынып жүрдi… Әжептәуiр ел танитын ағамызға «ВИА Гра» тобының жалаңаш қыздары «надоели» деп мұрнын шүйiрiп, кетiп бара жатты», — дейді Тұрсынбаева.
Ақын кеш барысында кейбір белгілі тұлғалардың атын атай алмай шатасқан қазақстандық жүргізушілерге «орысша сөйле» деп бұйрық берiлiп тұрғанын да айтты.
Жүргiзушiлерге сценарийдi қайта-қайта өзгертiп, құлағындағы құлаққаппен орысша сөйле деп бұйрық берiлiп тұрған«Жүргiзушiлерге сценарийдi қайта-қайта өзгертiп, құлағындағы құлаққаппен орысша сөйле деп бұйрық берiлiп тұрған екен! Дұрыс ашылып сөйлеуге жол бермедi… Құрысын, өттi, кеттi! Шетелдiң топырлап келiп, төрiмiзде тайраңдауының басы да, соңы да осы болса екен деп тiлейiк… Не болса соған алданбайықшы… Қазақтар шоу жасай алмайды, қазақта әншi жоқ деп кiм айтты?! Мақпалды 5 минутқа шығарсыншы ана жерге, залды қақ айырып жiберсiн… Жұбанышқа айтқызсын «Дударайды»! Көрсетер едi қалай ән салуды… Амал қанша сондай момынбыз… Көндiк!», — деп жазды ол.
Тұрсынбаева Сәкеннің, (МузАрт тобының әншісі) парақшасын көріп көзіне жас үйірілгенін атап өтіп, шын мәнінде қазаққа кім жақын екенін ойлануға шақырды.
«Бүгiн Сәкен досымның парақшасын көрiп көзiме жас келдi… Айтыңыздаршы, оның бар жазығы қазақтың өз әнi, өз өнерi, өз дауысы бар. Қонақ болып келсiн, ән салсын, бiрақ топырлап кеп төрiмiздi билемесiн дегенi ме?! Ағайындар-ау, сiздерге кiм жақын? МузАрт па Муз-ТВ ма? Таразының екi басына тартып, қазаққа қайсысы көп еңбек сiңiргенiн ойлайықшы! Қазақтың әнiн жүрекке жеткiзiп жүрген кiм? Ауыл-ауылды аралап, қара қазақты қуантып жүрген кiм?! Азғындап кеткен гей топтарға қарсы шығып, үн қосқан кiм?! МузАрт-тың гонорары удай дептi бiр сауатсыздар. МузАрт-тың 20 жылда жинай алмаған ақшасын Муз-ТВ бiр-ақ күнде қылғыта салған жоқ па?! Неге бiз осындай жеңiл ойлаймыз? Бiреу жылт етiп келiп, жарқ-жұрқ той жасап берiп едi, басымыз айналып, бауырымыздағы баламызды басынан тебе салдық! Iшiм ашиды! МузАрт бiр күндiк емес! Осында туды, осында өледi! Қусаң да кетпейдi!!! Сiздерге кiм жақ?», — деп жазды ақын өз парақшасында.
Еске сала кетсек, Астанада 5-6 маусым күндері өткен «Муз-ТВ» арнасының жүлдесін табыстау рәсіміне атақты «МузАрт» тобының жігіттері бармайтынын айтқан еді.
Источник: Nur.kz