Белсенділер киіктердің бетпердесін киіп алаңға шықты

9 маусымда Орал қаласының Абай атындағы алаңына «Абырой» қоғамының бірнеше белсенділері жиналды. Олар қырылған киіктерге Байқоңыр ғарыш айлағындағы гептил зымыран жанармайының қатысы бар деген пікірмен акция ұйымдастырды.

активисты1

Фото: Рауля Упорова

Бұл туралы «Уральская неделяға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

«Біз киіктердің қырылу себебін тергеу барысында «Протон» зымырантасығышын улы гептилмен ұшыруды басты себеп ретінде қарастыруды талап етеміз. Ресеймен келесімшартқа сәйкес, протонның бөлшектері киіктер қырылып жатқан жерлерге тасталуда. Біз ғарыш айлағын бірнеше мың долларға жалға береміз. Ал әлемдік қауымдастықпен Қызыл кітапқа енгізілген бөкендер шенеуніктердің ақшақұмарлығынан зардап шегуде», — деп мәлімдеді белсенділердің бірі Азамат Мұханов.

Белсенділердің деректеріне сәйкес, 2010 жылы Жәнібек ауданында ұқсас жағдай орын алған. Ол кезде оралдық киіктер популяциясының жартысынан көбісі қырылып қалған – 12,5 мың киік көз жұмған. Сол кезде жергілікті тұрғындар қырылу алдында сары тұман түскенін айтқан. Белсенділер президентке Қазақстанда кез-келген әскери қатынастан бас тартуға өтініш білдірді.

активисты2

Ал тұрғындар болса бұл акцияның орынды ұйымдастырылғанын айтып, елімізде бұл мәселені толықтай зерттейтін мамандар жоқтығын алға тартты.

Ағымдағы жылдың 2 маусымына дейін Қазақстанда Бетпақдалалық киіктер популяциясының 132 329-ы қырылса, Қостанай облысында – 113 309 бас, Ақтөбе мен Ақмола облысында 10 мың бас киік қаза болған.

Гептил – қауптілігі жағынан бірінші деңгейде тұрған токсинді зат. Ғалымдар оның синиль қышқылынан 6 есе улы екенін айтуда. Зымыранның бөлшектері жерге құлағанда гептил қоршаған ортаға тарай бастайды.

Источник: Nur.kz