Бейімбет Майлиннің басы “жарылған” ескерткіші халықтың ашуын туғызды
2015 ж. 08 маусым
3891
1
Жазушы Бейімбет Майлиннің туған жері – Қостанай облысы, Таран ауданында жазушыға орнатылған ескерткіш көпшіліктің ашуын туғызды.
Бейімбет Майлиннің ескерткіші. Фото: kostanaytany.kz
Бұл туралы Қостанай таңы хабарлайды.
Бұрын Майлиннің атында болған Красносельский ауылындағы ескерткіштің жағдайы тым мүшкіл.
Нақтылайтын болсақ, ауыл шетінде жазушының құрметіне тұрғызылған бюсттің басы «жарылып», жан-жағы қараусыз қалған.
Ескерткіштің айналасы сынған шөлмектерге толы, сонымен қатар, жазушының аты-жөні қазақша жазылмапты.
«Лениннің ескерткішін әлі күнге дейін көкке көтеретіндер Алаш ардақтыларын естен шығармаса дейсің…», – деп жазады басылым.
Еске сала кетейік, жақында Қызылорда облысының тұрғындары Лениннің ескерткішін көрнекті жерге орнату туралы бастама көтерген болатын.
Дереккөз: Nur.kz